Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалыларға берілетін жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау басталды

Көпбалалыларға берілетін жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау басталды

"Көпбалалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының "Тұрғын үй қоры" КММ сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Бұл бағдарламада "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаттағы тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Пәтер саны: 251

– 184 үш бөлмелі пәтер (65-85 ш.м.)

– 67 екі бөлмелі пәтер (60-70 ш.м.)
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ-де іске асырылады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 39.

Құжаттарды қабылдау: Биылғы жылдың 1 желтоқсан мен 6 желтоқсан аралығында

Құжаттарды қабылдау уақыты 1-2 желтоқсан сағат 10.00-дан 16.00-ге дейін, 3-6 желтоқсан сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін. Үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1) өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы ХҚО-нан анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

6) Көпбалалы ана кітапшасы (егер бар болса көшірмесі)
baq.kz

01 желтоқсан 2019 ж. 1 882 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930