Көпбалалы отбасыларға пәтер беріле бастады
2019 жылдың мамыр айында 1,2 мың көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланған.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа өңірлерінде 249 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, көпбалалы отбасыларға баспана беру жұмыстары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында басталды.
"Биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады. Құжатты іске асыру Қазақстан үкіметіне әкімдіктермен бірлесіп қысқа мерзім ішінде еліміздің барлық өңірлеріндегі көпбалалы отбасыларға пәтер беруді бастауға мүмкіндік берді"
, - делінген хабарламада.
Жоспар бойынша, биыл мамыр айында 2019 жылға жоспарланған 6 мың көпбалалы отбасының 1,2 мыңын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен, алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында беріліпті. Павлодар облысының көпбалалы отбасыларына — 76, Қарағанды облысында — 27, Ақтөбе облысында — 25, Алматы облысында — 20, Маңғыстау облысында — 18, Жамбыл облысында — 17, Шығыс Қазақстан облысында — 11, Батыс Қазақстан облысында — 10, Ақмола облысында — 6 пәтер берілді.

15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.