Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер карантинде қалай жұмыс істейді?

Кәсіпкерлер карантинде қалай жұмыс істейді?

Сын сағаты соғып тұрған сәтте ел тұрғындарының ауызбірлігі мен жауапкершілігі аса қажет екені белгілі. Алып қашпа әңімеге еріп, дүрбелеңге жол беруге әсте болмайды. Өйткені психологияда «ойша ауру» деген түсінік бар. Бұл қауіпті жүрекке тікелей қабылдау арқылы иммунитетті әлсірету деген сөз. Жаппай дүрлігу бұдан бөлек дүкендердегі азық-түлік қорының негізсіз тоналуына, оны алып үлгермеген адамдардың қандай жолмен болсын азық қорын жинастыруына әкелуі мүмкін. Коронавирусқа байланысты кейбір қалада мұндай қиындықтар барын әлеуметтік желіден көріп отырмыз. Алайда аудан жұрты орын алған оқиғаға сабырмен қарап, кәсіпкерлер жайбарақат жұмыстарын атқаруда.
Кеше аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовпен хабарласып, елдегі төтенше жағдайға байланысты сауда нысандарының тірлігі жайлы сұраған едік. Себебі қалай дегенмен де олар бұрынғыдай уақыт шектеуінсіз қызмет ете алмайды. Өйткені сауда нүктелеріндегі азық-түлік көлемінің тұрақтылығын сақтау, таусылған тауарды алдырту басты назарда тұр. Сонымен бірге адам көп шоғырланатын кәсіпкерлік нысандарда жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында тәртіп енгізілді. Бұдан былай жергілікті кәсіпкерлер де белгіленген тәртіпке бой ұсынатын болады.
– Коронавирустың ауру жұқтырған адаммен әңгімелесу арқылы жұғатыны белгілі. Бұл әсіресе қоғамдық орындар мен сауда нысандарында жиі орын алады. Соған орай аудан кәсіпкерлері төтенше жағдайға байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бекіткен ережесі бойынша сауда жасайды.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 1-бабы 53 тармақшасына сәйкес алаңы 2000 шаршы метрден кем емес объекті ірі сауда орыны болып табылады. Шектеу осындай нысандарға қойылады. Бұлардың санитарлық қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыс уақыты 10:00-18:00 аралығына дейін шектелді. Бұдан бөлек азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және базарларда санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, қалыпты ісін жалғастырады. Бастысы – нан және нан өнімдерін қапталған түрде сату керектігі ескертілді. Киім-кешек базарларында да сақтық шаралары орындалып, кешкі сағат беске дейін ғана сауда жасауға рұқсат берілді, – деді Ақтілеу Талайлыұлы.
Үкімет осы сәтте халыққа үйден себепсіз шықпауға, көпшілік орындарға бармауға кеңес беруде. Осы тұста азық-түлік, киім-кешек және дәрі-дәрмек тауарларына онлайн сатып алу және жеткізу қызметтерін кеңейту ойға оралады. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі бұл мәселе бойынша да тиісті мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді. Қазірдің өзінде кейбір тауар түрлері мен жедел даярланатын тағамдарды үйге жеткізу жолға қойылған. Ал ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, түнгі клубтар, жаттығу залдары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
Кальян әуесқойлары, сыра кафелеріне көп баратындар да бұл әдетке тосқауыл қоюларына тура келеді. Тек қоғамдық тамақтандыру орындары ғана жұмыс жасай алады. Бірақ олар да бір мезетте 50 адамнан артық қонақ қабылдамай, кешкі сағат оннан кешіктірмей есіктеріне құлып салуы тиіс. Сонымен бірге басқа да бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, салт-дәстүрге қатысты жиындар мен той тойлап, ас беруге тыйым салынады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 наурыз 2020 ж. 716 0

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 37

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 37

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 38

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 71

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031