Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда орталығы ашылды

Сауда орталығы ашылды

Бүгін Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда «Катюша» сауда орталығы пайдалануға берілді. Аудан орталығынан 70 шақырым қашықтағы Алға ауылдық округінен ашылған сауда орталығынан тұрғындарға қажетті азық-түлік пен керек-жарақтың барлығы табылады. Бағасы да аудан орталығындағы базар нарқынан төмен болмаса қымбат емес.

Сауда орталығының ашылу салтанатында Алға ауылдық округінің әкімі Абдолла Төлемісов, еңбек ардагері Байғабыл Әбсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, «Кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін» деген тілектерін жеткізді.

Кәсіпкерлік саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жеке кәсіпкер Рая Жасақбайға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Алғыс хатын» табыстады.

Жаңа ашылған сауда орталығын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аралап көріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, елімізге «Егіздер ауылы» деген атпен белгілі Ү.Түктібаев ауылында осы күнге дейін 27 егіздер дүниеге келген.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 желтоқсан 2019 ж. 2 264 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 118

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 121

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031