Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Уақытша күйеуім болшы": Әлімбекова жұбайы туралы шындықтың бетін ашты

"Уақытша күйеуім болшы": Әлімбекова жұбайы туралы шындықтың бетін ашты

Гауһар Әлімбекова осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Әншінің басынан өткен ауыр күндерден соң, ел арасында оның күйеуінен ажырасып кеткені жайлы қауесет тараған. Өнер иесі көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап беріп, жұбайы жайлы шындықтың бетін ашты деп жазады.
"Үш жыл бұрын тұрмысқа шықтым дедім. Қалай айтсам екен?! "Айырылысып кетті" деген адамдар жаман жаққа бұрып тұрады ғой. Бұрмалауды жақсы көреді. Әр адамның тағдыры әр түрлі ғой. Екеуміз екі жаққа кетіп қалдық. Бірақ мен "айырылысып кеттім, ажырасып кеттім" дегеннен аулақпын", - деді әнші.
Сондай-ақ, Гауһар Әлімбекова күйеуімен осыдан бес жыл бұрын танысып, үш жыл бұрын тұрмысқа шыққанын жеткізді.
"Үш жыл бұрын үйленсек, бес жыл бұрын таныстық. Туған күн кешінде таныстық. Дастархан басында отырып, кейін әзіліміз, қалжыңымыз жарасты. Мен енді бірінші адамға тексеру үшін қалжыңдап тиісемін де... Сосын қалжыңды көтерсе көтерді, көтермесе....
Ол адам негізінде бірінші ұнатқан адамыма қатты ұқсайды. Мен оған қалжыңдап, "Сен менің күйеуім болшы. Менен бәрі сұрай береді. Уақытша болса да, күйеуім болшы" деп жүргем.
Кейін екеуміз де рөлден шыға алмай қалдық. "Үміт" деген әнім сол адамға арналды. Осы әнді әдейі қайта-қайта айтамын.
Сол әнді айтсам, энергетика арқылы барып, бірінші Алла, сосын өзіне осы ән барып, екеуміз қайтадан бақытты болатынымызға сенемін", - деді ағынан жарылған Гауһар Әлімбекова.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың "алаяқтық" үшін 6 жылға сотталғаны белгілі болды.
Ал арада бірнеше ай өткенде Бақыт Назарова мен Гауһар Әлімбекова ел алдында татуласты.

17 мамыр 2019 ж. 1 574 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930