Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылау арқылы артық салмақтан арылуға болады

Жылау арқылы артық салмақтан арылуға болады

Германияның Stern журналында жарияланған зерттеу мақалаға сүйенсек, адамның көз жасы артық салмақтан арылуға көмектеседі.

«Адамдар әртүрлі себеппен жылайды. Ғалымдар да көз жасы туралы түрлі зерттеулер жүргізіп келеді. Мамандар анықтағандай, қуаныштан немесе дене жарақатынан пайда болған көз жасы түрлерінің атаулары бар және олардың химиялық құрамы әртүрлі келеді. Ғалымдар анықтағандай, көз жасы эмоциялық тұрғыдан ғана емес, арықтау үшін де пайдалы», деп жазды басылым.

Автордың жазуынша, «психолоиялық көз жасы» яғни, күйзеліс, қайғы немесе көңілсіздіктен ағатын көз жасы адам ағзасына ерекше әсер етеді.

«Калифорния офтальмологы доктор Аарон Нойфельдтің айтуынша, психологиялық көз жасы гормондарға әсер етеді. Эмоционалды қиын жағдайда адам ағзасында кортизол атты гормон көбейеді. Бұл майдың артуына алып келеді. Сол себепті адам психологиялық дискомфорт кезінде шоколад немесе фаст-фуд жейді. Дегенмен, егер осындай жағдайда адам эмоциясына ерік беріп, жылап алса, көз жасы «кортизолды» шайып кетеді. Яғни, оның ағзадағы мөлшері қалпына келіп, артық салмақ азая бастайды», деп жазылған мақалада.

Осы ретте еске сала кету керек, әдейі жылау артық салмақтан арылуға көмектеспейді. Себебі, бұл әрекет ешқандай гормонға әсер етпейді. Сол себепті, көңіл босағанда көз жасты тимай, шынайы жылап алу арқылы іштегі аггрессивті эмоциядан арылып, сонымен қатар артық салмақтан арылудың амалын жасау керек. Мақала авторының қорытынды бөлімде берген кеңесі осындай.

17 мамыр 2019 ж. 2 069 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930