Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

Әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ерлер зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы, зейнетпен қамтамасыз ету туралы қабылданған заңға сәйкес, жыл сайын алты айға ұзарып отырады. Әйелдердің зейнет жасы бірінші рет 2018 жылдың 1 қаңтарында көтерілген еді - 58,5 жас. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60 жас.

Осылайша әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін өсіп отырады да, қорытындысында 63 жасқа дейін ұзарады. Айтпақшы, қазақстандық азаматшалар қажетті соманы жинаған жағдайда 50 жасында-ақ зейнетке шыға алады. 2018 жылы бұл цифр 13,5 миллионға жеткен. Ал кейбірі зейнетке ерте шыға алады. Заңға сәйкес, бұл норманы экологиялық қауіп аймағында тұрған, бес немесе одан да көп бала туған немесе асырап алған жағдайда қолдана алады. Асырап алған балалардың жасы 8-ге дейін болуы керек, сонда ғана әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады.



03 қаңтар 2019 ж. 1 360 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031