Дәретханаға түскен iPhone смартфонын алмақ болған үш ер адам өлді

Өзбекстанда үш адам уландырғыш газ таралған шұңқырға түсіп қайтыс болды. Бұл туралы республиканың ТЖМ өкілдері хабарлады.
Оқиға Наманған облысы Папский ауданында жексенбіден дүйсенбіге ауған түні болды. Жергілікті тұрғын шұңқырға телефонын түсіріп алып, кейін оны алу үшін көршісін көмекке шақырған. Шұңқырға түскен соң ер адам есінен танып құлайды. Артынша сол шұңқырға көршісі мен тұрғынның әкесі түседі. Олар да газдан уланып талып қалады.
Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тұрғынның әкесіне алғашқы көмек көрсетілгенімен, ол да ауруханада қайтыс болды. Өзбекстан ІІМ оқиғаға iPhone смартфонының дәретханаға түсіп кетуі себеп болғанын хабарлады.