Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт жылда бір келетін – 29 ақпан

Төрт жылда бір келетін – 29 ақпан

Бүгін төрт жылда бір келетін – 29 ақпан. Григориан күнтізбесінде жылдың 60-күні. Кібісе күн деп те аталады. Бұл күн туралы қандай қызықты деректер бар екен?

"29 ақпан" біздің дәуірімізге дейін 45 жыл бұрын пайда болған. Рим императоры Юлий Цезарь жылдың 365 күннен емес, 365 ширегімен екенін білгенде, әр төрт жыл сайын ақпан айына 1 күн қосуды ұсынған екен.
Әлем бойынша 4 миллион адам бұл күнде туған күнін тойлайды екен. Бұл жер тұрғындарының 0,06%-ы ғана. 1500 баланың біреуі ғана 29 ақпанда дүниеге келуі мүмкін. New York Daily News газетінде екі келіншектің үш кібісе жылының 29 ақпанында 3 нәрестені дүниеге әкелген. Норвергиялық Хенриксендер жанұясында 1960, 1964 және 1968 жылдары 29 ақпанда нәрестелі болған. Ал Юта штатында Эстес отбасы да осы рекордты қайталаған: балалары 2004, 2008 және 2012 жылы туған. Тасманияның сегізінші премьер-министрі Джеймс Милн Уилсон 29 ақпанда туып, 1800 жылы 29 ақпанда қайтыс болған. 29 ақпанда дүниеге келген адамдар таңдаулы, ерекше қабілетті, талантты болады. Астрологтар өміріңізде осы күні дүниеге келген досыңыз болса, оның сізбен жолығуы тегін емес деп ескертеді: олар маңызды ақпаратқа ие. Финляндия, Ирландия және Шотландияда ертеректе мынадай дәстүр болған: 29 ақпан күні әйел адам сүйгеніне ұсыныс жасай алады. Егер ер адам ұсынысты қабыл алмаса, қомақты айыппұл төлеу міндеттелген.

02 наурыз 2020 ж. 600 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031