Кіл мықтылардың жастарға айтар 100 ақылы #5
Ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Мұратхан Шоқан “Әдебиет әлемі” атты жастарға арнап орталық ашып, біршама шәкірттер тәрбиелеу үстінде. Сол шәкірттеріне арнаған кеңесін өзге де жастар оқысын деген ниетпен алдарыңызға ұсынып отырмыз.
1.Басқаның үмітін өлтіру адам өлтірумен бірдей…
2.Сенімен болмашы тиындарын бөліскен немесе қамшының сабындай қысқа ғұмырда сенің игілігің үшін 10 минут уақытын бөлген адамға құрметпен қара!
3.Өмірде сені себепсіз жек көретін адамдар кездеседі…Оған ренжіме! Сені не үшін адамдардың бәрі жақсы көруі керек? Сен бірақ ешкімді жек көрмеуге құлшын! Өзіңді жек көрген адамдардың деңгейіне түсіп не істейсің?!
4.Аузынан “нұр шашатындарды”, жүрегінен нұр шашатындардан жоғары қойма. (Саған тәтті сөзді көп айтатын, сен жақсы көретіндер табылмай қалған жерде, жүрегінен нұр шашатын жандар қасыңнан табылады…)
5.Қателіктері үшін кешірім сұрай білмеу де, кешіре білмеу де – әлсіздік.
6.Аспандағы бұлттың көлеңкесіне қалай сенім артуға болмаса, солай сенім артуға болмайтын адамдар бар. Бірақ сенім артуға болмайтын бір адам үшін, адамзатқа деген сеніміңнің айнасын сындырма.
7.Өмірде саған көмектесуге ешкімнің міндетті емес екенін түсін. Бірақ сен басқаларға қайырым жасауды міндетім деп ұқ!..
8.Басқалардың сеніміне, салт-санасына құрметпен қара. Мейлі ол ең жабайы тайпа болса да. ( Жауыздықтың жалауын көтерсе сөз басқа…)
9.Күллі тіршілік иесі үшін жүрегің ауыратын болсын!
10.Адамның қолымен берілетін сыйлықтан құр қалсаң да, жаратушының қолымен берілетін сыйлықтан құр қалма!
11.Жылы сөз есту үшін келсін-келмесін жылы сөз айтуға үйір болма!
12.Таразыңда өлермендіктің салмағы өнеріңнің салмағынан артып кетпесін.
13.Сен қыз болсаң саған айтылған мадақ жігіттер тарапынан молырақ болуы мүмкін. Жігіт болсаң керісінше… Бірақ айтылған сөздің қандай ниеттен туғаны маңызды.
14.Жаңашыл, білімді болып көріну мақсатымен поэзияға өзге ұлттың тіліндегі терминдерді, сөз-сөйлемдерді орынсыз тықпалама. Сәби де кез-келген омырауды еме бермейді.
15.Сен өзіңнің кімге ұнап, кімге ұнамағаныңды тексеріп қой. Кейде мың адамның пікірінен бір адамның пікірі құнды болады…
16.Сен өзіңді қолпаштамаған тұлғадан, сені қолпаштап жүретін қатардағы біреуді артық санама. Ол сенің атаққұмарлығыңның белгісі.
17.Өз пендешілігіңмен күреспесең қаламның қасиетін кетірме!
18.Сені жек көретіндер табылады. Құдайды да ұнатпайтындар бар.
Мұратхан ШОҚАН
“Адырна” ұлттық порталы