Басты міндет – адам құқығын қорғайтын және қоғам сенімін қалыптастыру
ХХІ ғасырдағы Қазақстан соты — әділдік, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделген институт. Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Сот – ааматтардың басты қорғаны, негізіг заңды қалқаны болуы шарт. Заң үстемдігі орнаған елде ғана, халықтың билікке деген сенімі нығаяды. Бұл бүгінгі қазақстандық ұстаным. Аудандағы ахуал туралы Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әдбіхалықовтан сұрап білдік.
– Дәурен Нармағамбетұлы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот әділдіктің соңғы үлгісі болуы керегін атап өтті. Әділеттілік пен парасаттылық — бұл тек кәсіби талап емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Тәуелсіз қазақстандық әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің ең басты логикасы неде?
– Қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды заңда бекітілген іс жүргізушілік тәртіпте қарап шешуші орган Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Оның күші заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғары саяси және құқықтық мәдениетінде.
Сот беделі – мемлекеттің беделі. Бүгінгі Қазақстанның сот жүйесі Конституциямен және «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны Конституцияда жазылған.
Еліміздің сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясы және Конституциялық Заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Салада қызмет ету үшін үшін кадр жүйесі, сондай-ақ кәсіби өсуде судьялар алдына қойылған міндеттерді және моральдық-адамгершілік жетілдіруге баса назар аударылады. Сот қызметкерлері жоғары моральдық деңгейдегі,әлеуметтік әділеттілікті қорғайтын тұлға. Судьялар мен заңгерлер үшін түрлі оқыту және тағылымдамалар жүйесі жұмыс істейді.
– Сот жүйесіне деген халық сенімін арттыру бағытында қандай шаралар қолға алынуда?
–Қазіргі таңда сот жүйесі жариялылық пен ашықтықты басты қағида етеді: сот процестері онлайн көрсетіледі, шешімдер интернетте жарияланады. Өңірдегі татуластыру, медиация институттары дамуып – заманауи соттың гуманистік сипат алғанын айқындайды. Жаңашыл қанатқақты жобалар да өз нәтижелілігін беруде. Жалпы, барлық судьялар мен сот саласы қызметкерлерінің білімі, іскерлік қабілеті, күш-жігері халықтың заңды құқығы мен ар-намысын қорғауға мүдде тоғыстырады.
– Сандарды сөйлетсек...
– Азаматтық істер бойынша бойынша айтар болсақ, 2025 жылдын 9 айында аудандық соттың өндірісіне 1328 талап қою түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 314 іске немесе 30,97 процентке көбейгендігін көрсетіп отыр.
Есептік кезеңде 1156 іс аяқталған. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 21,94 процентке артқан.
Медиациямен біткен істер саны – 229.
Сот бұйрығын іс жүргізу тәртібімен – 196 іс қаралған, бұл жалпы істердің 56,8 процентін құрайды
Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 546 іс қаралған.
– Қандай санаттағы дау-шағым көптеп түседі?
– Жыл басынан бері 536 шарттық міндеттемелер саласындағы дау, 169 неке-отбасы қатынастары саласындағы дау, 196 бұйрықтық іс жүргізу, 117 заңды маңызы бар фактілер анықтау бойынша іс қаралды. Аудандық сотпен 124 талап қоюлар қайтарылған. Бұл түскен талап қоюлардың құраған. Өткен жылмен салыстырғанда есептік кезеңде қайтарылған арыз саны көбейген. 2024 жылғы көрсеткіш –19. Қабылдаудан бас тартылғаны – 2. Қараусыз қалдырылған істерің қатары – 141 іс.
2025 жылдың 9 айында эксаумақтық соттылығы бойынша істер жолданбаған. Қызылорда облысы соттарына жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз қаралмаған.
9 айда 49 азаматтық іс апеляциялық сатыға жолданса, оның ішінде апелляциялық сатыда күші жойылған сот актісі – 3, өзгертілгені – 1 іс.
Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 693 іс түсіп, 670 іс қаралып аяқталған. 594 адамға жаза тағайындалған.76 іс тоқтатылған, 8 кәмелетке толмаған құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал ету шарасы қолданылған.
Тағайындалған жазаларды сараласақ: 26 адамға ескерту жазасы қабылданып, 319 адамға әкімшілік айыппұл салынып, 187 адам әкімшілік қамаққа алынған, 14 адам көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, 46 адам ҚР шегінен шығарылған.
– Азайған істер туралы білсек...
– Соңғы жылдары сот жүйесінде кейбір санаттағы істердің азайғаны байқалады. Бұл — заңнаманың жетілдірілуі мен дауларды сотқа дейін шешу тетіктерінің дамуының нәтижесі деп білемін. Мәселен, медиация мен татуластыру рәсімдері дамуда.Отбасылық даулар араптар сотқа жетпей, медиация арқылы келісімге келеді. Тұтынушылар мен қызмет көрсетушілер арасындағы даулар да сотқа дейінгі шағым тәртібімен шешіледі. Мекемелердегі келісу комиссиялары еңбек дауларын сотқа жеткізбейді. Сондай-ақ Шағын экономикалық және кәсіпкерлік істер азайып, әкімшілік құқық бұзушылық істерінің кейбірі қысқарған. Негізгі себеп: айыппұл төлеудің жеңілдетілген тәртібі. Жол қозғалысы ережесін бұзу сияқты жеңіл істер электронды жүйе арқылы шешіліп, судьяның қарауына сирек түседі. Татуласу институтының дамуынан қылмыстық істердің кейбірі де азайған. Нотариат пен сотсыз шешілетін істер де кеміп келеді. Оған қарызды өндіру, өсиет, мүлік даулары нотариус арқылы шешілуі себеп.
Бұл көрсеткіштер әділдіктің төмендегені емес, даулардын бейбіт, тиімді және жылдам шешудің жаңа мәдениетінің қалыптасқанының белгісін көрсетеді.
– Сот ісін жеңілдету – маңызды міндет. Цифрлық технологиялар азаматтардың сот процесіне қатысуын айтарлықтай оңайландырып, істің ашық болуын қамтамасыз етуі тиіс. Оң өзгерістерді тілге тиек етсек...
– Қолданысқа "E-otinish", "Төрелік", "Сот кабинеті", ERAP сияқты электрондық жүйелер енгізілген. Олар істерді онлайн қарау, құжаттарды қашықтан жіберу және бейнебайланыс арқылы тыңдау мүмкіндігін беруде Бұл — ашықтықты арттырып, азаматтар үшін уақыт пен қаражат үнемдейді.
– Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – әділетті қоғам құру. Маман ретінде осы ұғымға қысқаша түсінік беріп өтсеңіз...
– Әділетті қоғамды аңсау, құру, қалыптастыру бұл адамзаттың ежелден келе жатқан өзекті армандарының бірі. Оған жетудің бірнеше негізгі бағыттар мен қағидаларын бөліп көрсетуге болады.
Мұндай қоғамды құрудың басты шарттары мен тетіктері деп заң үстемдігін атар едім. Барлық азаматтар заң алдында тең . Сот жүйесі тәуелсіз, әділ және қолжетімді болуы қажет. Заң билігі адамдардың емес, принциптердің үстемдігін қамтамасыз етуі шарт. Әлеуметтік теңдік пен мүмкіндіктердің әділдігі қажет. Демократия және азаматтық қатысу, адалдық пен жауапкершілік мәдениеті орнығып, экономикалық, экологиялық және ұрпақтар арасындағы әділет салтанат құруы шарт.
Әділетті қоғам — заңға бағынған, тең мүмкіндіктер орнаған, ар-ожданға сүйенген, халық пен мемлекет бір мақсатта әрекет ететін қоғам.
– Рахмет! Әрбір шешімдеріңіз ел сенімін ақтай берсін!
Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА












