Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Республика күніне орай мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Қазалыда Республика күніне орай мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында ұлттық мереке - Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Алмасбек Есмаханов және зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
Азаматтардың бойына ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлайтын іс-шараға 500-ден аса тұрғын келді.
Ұлттық мерекеге арналған жиында Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Еске салайық, ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өтуде.
25 қазан 2025 ж. 465 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 34

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 28

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 41

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 42

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 43

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031