Қазалыда мереке аясында жәрмеңке ұйымдастырылды
Бүгін аудан орталығы – Әйтеке би кентінде ұлттық мереке – Республика күні және «Алтын күз-2025» мерекелеріне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.Ауыл өнімдерінің жәрмеңкесін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Алмасбек Есмаханов және мерейтойға арнайы келген қонақтар бірге аралады.

Алтын күздің тоқшылық мерекесіне кент және ауылдық округтерден барлығы 46 көлікке тиелген 121 тоннаға жуық өнімдер әкелінді. Оның ішінде 10 тонна күріш, 5 тонна ет пен 5 тонна сүт өнімдері, 11 тонна балық, 80 тонна картоп және көкөніс өнімдері, 8 тонна кондитерлік өнімдер, 1 тонна «Қазалы» кәмпиті сонымен қатар қой, тоқты, қысқы мал азықтары әкелінді.

Жәрмеңке барысында мерейтойға келген қонақтар тарапынан әсіресе Қазалының кәмпиті мен балық өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
Ауданның дихандары мен тауарөнідірушілері жеміс-жидек, көкөніс дақылдары және азық-түлік тауарлары, ет және балық өнімдерін аудан тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынды.

Мереке аясындағы ұйымдастырылған бұл жәрмеңке - аудан тұрғындары үшін үлкен сый болды.














