Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада айт мерекесінің құрметіне 3 метрлік торт пісірілді

Қызылордада айт мерекесінің құрметіне 3 метрлік торт пісірілді

Күндердің сұлтаны жұмаға сәйкес келген Ораза айт мерекесінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің қызметкерлері мешітке келген жамағатты қуанышқа бөледі.
Бас мешітте Айт намазын оқуға жиылған жамағат ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының уағызын тыңдап, Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, дұға жасады.
Бұдан кейін, өкіл имам барша халықты құттықтап, айт мерекесінің құрметіне арнайы пісірілген ұзындығы 3 метр, ені 1 метр болатын тәтті нанды өз қолымен үлестірді.
Сонымен қатар, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің алдында тігілген қазақы үйлерде мерекелік дастарқан жайылып, балаларға сусындар таратылды.
Халықтың ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған игі шараға куә болған жамағат мерекелік көңіл күймен тарқады.
Жалпы облыс бойынша барлық мешітте Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.
18 маусым 2018 ж. 1 871 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 83

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 41

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031