Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тарихқа тұнған шаһар

Тарихқа тұнған шаһар

Оғыз қағанатына астана болған ежелгі Жанкент шаһарының тарихы сан қиылы. Ол жайындағы там-тұмдаған деректер де әркелкі. Заманында аспанмен таласқан қорғандар бүгінде сан ғасырдың желі мен дауылынан мүжіліп, төмпешікке айналған. Қорқыттай кемеңгердің кіндік қаны тамған делінетін қаланың жер бетінен жойылуы жайлы түрлі аңыз-әпсаналар бар.
Бір аңызда Санжар ханның Бегім анаға жасаған зұлымдығынан әкесі Қарабура әулиенің қарғысына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болыпты делінеді. Екінші бір тарихи жазбаларға сенсек, 1219 жылы күзде Жанкент қаласына моңғолдар шабуыл жасайды. Халықты қырып, қаланы өртеп жібереді. Отқа оранған қаланың үстімен қаһарлы Жошы хан шауып өтіпті. Жаугершілікке толы шапқыншылықтардан кейін Жент, Жанкент, Күйіккескен, Күйік қаланы мекендеген тұрғындардың, Бұқара, Самархан, Хорезмге қоныс аударуларына тура келген.
Жанкент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бойындағы қала екені де көпке аян. Мың өліп, мың тірілген шаһар XIV ғасырда бұрынғы қалпына келген. Жаңа Жанкент араб-мұсылман мәдениетінің орталығы саналған. Шежірелі шаһар XV ғасырда ғана жер бетінен жойылған.
1867 жылы ең алғаш болып П.Л.Лерхтен бастап, зерттеушілер мен ғалымдар Жанкент қорғандарының қойын-қонышын ақтарып, жыл құрғатпай жұмыс жасап келеді. Мұнымен қоса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институты, Мәскеудегі И.Н. Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдары да туған жердің жәдігерлерін түгендеуге өлшеусіз еңбек сіңірді.
Осындай ұзақ жылғы зерттеу мен көптеген ғалымдардың ізденісінің нәтижесінде Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар қорытындыланып, кешенді жұмыстар нәтижесінде бір бөлменің композициясы жасақталды.
2014 жылы сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен басталған қарқынды қарекет негізінде қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, отызға жуық тұрғын үй орындары аршылып, біртұтас жүйе қалыптасты. Қазба жұмыстары одан әрі жалғасып, облыстық бюджет есебінен археологиялық, республикалық бюджет қаражатынан қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Нақтырақ айтқанда, қалашықтағы консервацияланған бір бөлменің композициясы жасалып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін тарихи мүсіндер қойылған.
Қазіргі күнге дейін қалашықтан 200-ге жуық экспонат табылып, облыс музейлері қорына өткен. Ал қазіргі күні қалашықтың аумағы толық қоршалып, “JANKENT” стелласы бой көтерді. Қазалы ауданы әкімдігінің тікелей қолдауының нәтижесінде іске асырылған жұмыстар келешекте археологиялық парк қалыптастыруға және туристік орынға айналуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
А. ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
16 шілде 2023 ж. 688 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930