Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкент жаңғыру жолында

Жанкент жаңғыру жолында

Оғыз қағанатына астана болған ежелгі Жанкент шаһарының тарихы сан қиылы. Ол жайындағы там-тұмдаған деректер де әркелкі. Заманында аспанмен таласқан қорғандар бүгінде сан ғасырдың желі мен дауылынан мүжіліп, төмпешікке айналған. Ал Қорқыттай кемеңгердің кіндік қаны тамған делінетін қаланың жер бетінен жойылуы жайлы түрлі аңыз-әпсаналар бар.

Бір аңызда Санжар ханның Бегім анаға жасаған зұлымдығынан әкесі Қарабура әулиенің қарғысына ұшырап, 1153 жылы қарауындағы халқымен бірге опат болыпты делінеді.
Екінші бір тарихи жазбаларға сенсек, 1219 жылы күзде Жанкент қаласына моңғолдар шабуыл жасайды. Халықты қырып, қаланы өртеп жібереді. Отқа оранған қаланың үстімен қаһарлы Жошы хан шауып өтіпті.
Жаугершілікке толы шапқыншылықтардан кейін Жент, Жанкент, Күйіккескен, Күйік қаланы мекендеген тұрғындардың, Бұқара, Самархан, Хорезмге қоныс аударуларына тура келген.
Жанкент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бойындағы қала екені де көпке аян. Мың өліп, мың тірілген шаһар XIV ғасырда бұрынғы қалпына келген. Жаңа Жанкент араб-мұсылман мәдениетінің орталығы саналған. Шежірелі шаһар XV ғасырда ғана жер бетінен жойылған.
1867 жылы ең алғаш болып П.Л.Лерхтен бастап зерттеушілер мен ғалымдар Жанкент қорғандарының қойын-қонышын ақтарып, жыл құрғатпай жұмыс жасап келеді. Мұнымен қоса Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институты, Мәскеудегі И.Н. Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының ғалымдары да туған жердің жәдігерлерін түгендеуге өлшеусіз еңбек сіңірді.
Жуырда көптеген ғалымдардың ізденісінің нәтижесінде Жанкент қалашығындағы археологиялық жұмыстар қорытындыланып, кешенді жұмыстар нәтижесінде бір бөлменің композициясы жасақталды.
2014 жылы Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен басталған қарқынды қарекет негізінде қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, 30-ға жуық тұрғын үй орындары аршылып, біртұтас жүйе қалыптасты.
Қазба жұмыстары биыл да жалғасып, облыстық бюджет есебінен археологиялық, республикалық бюджет қаражатынан қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Нақтырақ айтқанда, қалашықтағы консервацияланған бір бөлменің композициясы жасалып, Оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін тарихи мүсіндер қойылған.
Айта кетерлігі қазіргі күнге дейін қалашықтан 200-ге жуық экспонат табылып, облыс музейлері қорына өткен.
Ал, қазіргі күні қалашықтың аумағы толық қоршалып, “JANKENT” стелласы бой көтерді. Қазалы ауданы әкімдігінің тікелей қолдауының нәтижесінде іске асырылған жұмыстар келешекте археологиялық парк қалыптастыруға және туристік орынға айналуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
.ЖҰМАХАНОВА
15 тамыз 2020 ж. 1 366 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31