Қазақстан этностарының өкілдері жайында энциклопедия жарық көрді
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан этностарының өкілдері, соның ішінде еңбегі елеулі тұлғалар жайында тың деректер жинақталған энциклопедияның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды egemen.kz
«Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» атты басылым ҚХА Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің «Көпэтносты қазақстандық қоғамды топтастыру жалпыұлттық идеяның негізі ретіндегі» ғылыми бағытының бастамашыл жобасы және «Мәдениет пен өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен танымал ету» бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиын Т.Қ.Жүргенов атынағы ҚазҰӨА ректоры Ақан Абдуалиевтің алғы сөзімен басталды. «Тұлғалар энциклопедиясы оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады. Бұл – ел мен елдің арасындағы бірлікті бекемдей түсер қадам екені кәміл» дей келе, еңбектің жарық көруіне күш салған, атсалысқан баршасына алғыс білдірді. «Материалдарды жинап, баспаға дайындаған ҚХА ҒСК мүшесі, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА проректоры, с.ғ.д. Ш.Әмірбеков және ҚХА ҒСК мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Шаймерденова. Аталмыш энциклопедия ҚХА және ҚР Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қолдауымен жарық көріп, академияның Ғылыми кеңесімен ұсынылды. Осынау игілікті бастамаға үлесін қосқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін», деді А.Абдуалиев.
Жиынның ең маңызды тұсы – кітаптың таныстырылымын Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, т.ғ.к., ХАА академигі, ҚХА мүшесі, ҚХА ҒСК мүшесі Меңдіғаным Шаймерденова жасады.
Қорытынды кезекте, қатысушы қонақтарға сөз беріліп, пікір алмасу болды. «Мәдениет – жан азығы. Меніңше, жастар өмір сүріп отырған елінің өркендеуіне қалтқысыз қызмет еткендердің есімін, жүріп өткен жолын білуі, тануы керек. Біз – бір елміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осындай бейбіт мемлекетте ғұмыр кешіп жатқанымызбен мақтанамыз!», деді ҚХА мүшесі, Алматы қаласындағы «Ариана» – Ауған этномәдени бірлестігінің төрағасы Ахмадулла Восток.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар, ҚХА мүшелері, ҚХА Алматыдағы ҒСК мүшелері, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, «ҚХА «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» РҚБ төрағасы мен өкілдері, республикалық ЭМБ жетекшілері, белсенділері, жастар, Республикалық Достық Үйінің өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция атсалысты.
Сондай-ақ, Алыс және Жақын шетелдерден: Австрия, Ресей, Ресей Федерациясы Республикаларының құрметті қонақтары – Еуразия халықтары Ассамблеясының мүшелері, Ресей халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, ғалымдары қатысты.
Қатысушылар энциклопедия бойынша әлі де келелі жұмыстардың жасалатындығын алға тартып, болашақта басылым қосымшаларының шығатындығына сенім білдіріп, авторларға үлкен үміт артты.
Түрлі ұлт өкілдерінің басын құраған дөңгелек үстел, руханият қоржынын толыстырған энциклопедияның жарық көруімен құттықтау легімен, ұйымдастырушыларға қарата айтылған алғыс сөздермен тәмамдалды.