Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кесір-кесапаттан сақтану үшін

Кесір-кесапаттан сақтану үшін

Оқылуы: Әoуузу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халәқ.
Мағынасы: Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!
Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен:
«Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.): Кеше түнде мені шаян шағып алды, – деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шақты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», – деген екен.
Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих (р.а.):
«Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», – деген.
Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):
«Кімде кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген.
«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары» кітабынан
alashainasy.kz

24 желтоқсан 2020 ж. 677 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031