Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кесе мен көл

Кесе мен көл

Бір жас жігіт өмірден түңіліп қиналған сәтте ұстазын іздеп кепті.
- Бұл өмірден мән-мағына таппадым, қайтпек керек? - деп сұрайды.
Өмірдің әділетсіздігіне налиды. Мейірімсіз әрі қатыгез әлемнен жалыққанын айтады.
- Осының бәрі маған не үшін? Неге ел сияқты тыныш өмір сүре алмаймын? - депті ең соңында.
Жас жігіт бірнеше күн ұстазының үйінде қона жатыпты. Айтқан әңгімесінің сиқы әлгіндей. Шәкіртінің осалдығына көңілі түскен ұстазы оны тұзға жұмсапты. Әкелген тұзынан бір уысты кесе толы суға ерітіп беріпті де,
- Осыны ішіп қой, - дейді.
Тұзды суды ішкен жігіттің түрі бұзылыпты.
- Дәмі қалай екен? – дейді ұстазы.
- Ащы, у қорғасын, сұмдық, ішетін нәрсе емес қой мынау, - депті шәкірті беті тыржыңдап.
Ұстазы жымияды.
- Тағы бір уыс тұз ала жүр, - деп пәрмен етеді.
Жігіт бір уыс тұз ұстап ұстазының соңынан ілеседі. Екеуі аяңдап ауыл сыртындағы көлге кепті.
- Қолыңдағы тұзды көлге таста, - дейді ұстазы. Сол көлдің суынан дәм тату керек деп ескертеді. Жігіт қос қолдап көлдің суын алып ұрттайды.
- Ал, бұл судың дәмі қандай екен?
- Тәтті, таза, дәмі тіл үйіреді, - дейді шәкірті. – Жаңағы тұз сезілмеді де...
Сонда ұстазы жігітті бас салып құшақтапты да былай депті:
- Өмірден көрген азап-қайғымыз – таза тұз. Артық-кемі жоқ. Қиындықсыз өмір жоқ. Бірақ содан шегер қайғымыз оны қаншалықты еңсере алатынымызға тәуелді. Басыңа күн туса, өміріңді түрлендір, мағыналы істермен шұғылдан. Басыңа төнген қатерге биіктен қарап үйрен. Кеседей тар болуды доғар. Көлдей кең бол, - деген екен.
Аударған Шынар Әбілда
15 маусым 2020 ж. 1 699 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031