Мақсатқа бейсана арқылы жету

Бейсананы қалай басқарамыз?
– қажетті жағдайды елестету;
– сөзді, сұрақты, образды тоқтаусыз қайталау;
– көзделген нысананың ең биік деңгейін эмоциялық тұрғыда сезіну.
1. Визуализация.
Егер мида мақсатқа қалай жеткеніңізді қойылым түрінде жүргізер болсаңыз, бейсана оны орындау керек деген бұйрық алады.
Егер спортшы болсаңыз, бұл теорияны бірден тексеріп көруге болады. Жаттығу алдында қалай шынығып жатқаныңызды елестетіңіз. Аяқ астынан жетістігіңіз көбейіп, сырт келбетіңізде өзгеріс пайда болса таң қалмаңыз.
2. Қайталау.
Қайталау – білім анасы. Егер жетістікке қалай жеткеніңізді миллион рет қайталап елестетсеңіз, ол миллион бір рет солай орындалады. Мақсатыңызды қағазға жазуға болады, ескертпелерді барлық жерге іліп тастаңыз. Мақсатыңыз үнемі көз алдыңызда болсын.
3. Эмоция
Ақылды жиі өрге сүйрейтін – эмоция. Бірінше және екінші жаттығуларды тәжірибеден өткізе отырып жағымды эмоцияларды қосуды ұмытпаңыз. Теориясы мынадай: егер осы мақсатқа жетуге деген құлшынысыңыз тасып тұрса, оған жеткенде қалай қуанып, бақытты боларыңызды дәл сол күйінде елестетіңіз. Осы дәстүрлерді орындап отырсаңыз, мақсатқа жетуге деген талыпынысыңыз күшті болса, міндетті түрде жетесіз.