Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүркіт қырық қырсықты қайтарады

Бүркіт қырық қырсықты қайтарады

Байырғы қазақтардың исламға дейінгі мифтік наным-сенімдеріндегі жай көзге көрінбейтін адамға кесел келтіретін зиянды тылсым күш иесі, зиянкестердің бірі қырсық деп аталған. Қырсық – сор адамды пәлеге ұшырататын, жамандыққа итермелейтін тылсым күш ретінде айтылған. Мифтік түсінікте бұндай зиянкес күш иелері екі топқа бөлінеді. Қырсық – кейбіреулерге жүре жабысатын болса, сор – біріне туабітті жабысқан зиянкестер деп қабылданған.
«Маңдайының соры бар, пешенесінің соры бес елі немесе байды кедей болды деме, сабасының таусылмайтын қоры бар, кедейді бай болды деме, маңдайының арылмайтын соры бар» дейтін халық аузындағы тұрақты сөз тіркестері осы түсінікті аңғартады.
Қырсық туралы халық тілінде қырсық шалды, қырсық тиді, қырсыққа ұшырады, қырсығы ұстады дейтін сөз астарынан қырсықтың мифтік санадағы бейнесі жанды нәрсемен, әрекет иесімен ұқсатылатыны байқалады. Қырсық тиген, қырсық шалған адам іске, жұмысқа қырсыз болады, дұрыс сөзге құлақ аспайды, тілазар, бәрін керісінше істеп, кері бағып жүреді. Омарқұл ақын мен ақын Тәбия қыздың айтысында:
Кет деген тілді қырсық алмайды екен,
Жабысып, көшіп-қонсақ қалмайды екен.
Берекені кес-кестеп жіберместен,
Аяқты шанағымен жалмайды екен – деп қырсық бір шалса, одан құтылудың қиындығын айтады.
Мінездің кері кеткен сиқы көкірек сарайын да, маңдайдағы көзді де шелге көмеді. Қасіретке жетелейді. Қанға сіңген бұл әдет ел мен елді жауластырып, ұлыстарды қырқыстырып қойған. Ханына қырсыққан батыры, елінен, туып-өскен белінен кетіп пайда тапқаны жоқ. Қырсық мінез улы жылан сияқты, басқаларға айдан анық көрініп тұрады.
Қырсықтық адам бойындағы тамырларда кездесетіні жайлы Мәшһүр Жүсіп те айтқан. Оның пікірінше, жігітті кедейлікке апаратын үш белгі бар. Желкедегі қырсықтық, шынтақтағы маубастық, жамбастағы жалқаулық тамырлары екен.
Жалпы қазақы түсінік бойынша, қырсық тиген адамдарды бүркіттің жанына отырғызып емдейді. Бүркіт адам көрмегенді көреді, адамның көк желкесінде, иінінде жүрген қырсықтан бүркіт арылтады деген пайым бар. Ескі наным-сенімде «бүркіт қырық қырсықтың бетін қайтарады» деп тұжырымдалған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
25 сәуір 2020 ж. 2 924 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930