Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерте қартаймас үшін

Ерте қартаймас үшін

Адам организмінде «бақыт гармоны» саналатын серотонин көңіл-күйдің жақсы болуына байланысты көбейеді.

Адамның жасы ұлғая келе тек өмір сүру салты ғана емес, киіну әдебі мен тамақтануына да бірқатар өзгерістер енеді. Өйткені, денсаулығы мен сыртқы көрінісіне де бұрынғыдан да жіті көңіл бөлу қажет.

45 жастан кейін әсіресе әйел ағзасының жұмыс істеуі өзгеріске түседі және бұл жағдай өздігінен әйелдің бет терісі, тырнағы мен шашына әсерін тигізгендіктен, жас ұлғайғандықтың көрінісі айқын білінеді.

Жасқа байланысты денсаулықтың да әлсіреуіне жол бермес үшін, сыртқы көріністегі кері әсерлердің алдын алу үшін МЫНА әдіс-тәсілдер көмекке келеді.

Маңызды қағидалар:

1.Әдеттегідей таңертең және ұйқыға жатар алдында бетіңізді тазартып, жуып алғаннан соң, міндетті түрде нәрлендіруші кремді пайдалануды әдетке айналдырыңыз.

2. Міндетті түрде белгілі бір уақытта ұйқыға жатып, белгіленген уақытта тамақтануды естен шығармаңыз.

3. Таңертеңгі жаттығуларды үзбей жасап, әдетіңізге айналдырыңыз. Алғашқы күні аз-аздан бастап, кейінгісін 15 минутқа дейін созыңыз. Сондықтан, ертерек тұруға дағдылануыңыз керек. «Уақытым жоқ» деген сылтау айтпаңыз!

4. Нәрлендіруші кремнен бөлек, күн сайын бір рет бет пен мойын терісіне және қолыңызға әжімнен қорғайтын, серпімділік пен сергектік сыйлайтын дәрумендерге бай крем немесе майларды жағып тұруға дағдыланыңыз.

5. Бос уақытыңыз бола қалса, басыңызды және бет теріңізді уқалап, массаж жасаңыз. Бұл тәсіл қан айналымын жақсартып, шашыңыздың өсуіне ықпал етеді, шаштың ағаруының алдын алады. Бетіңіз қызыл шырайлы болып, өңіңізді жақсартады.

ҰЙҚЫ - әжімді азайтады

Жоғарыда айтып өткеніміздей, егер сіз белгілі бір режиммен ұйқыға жатып, белгілі уақытта ұйқыдан тұрсаңыз, біраз уақыттан бері осыған әдеттенген болсаңыз, ұсақ әжімдер өздігінен ғайып болады.

Дәп осы ұйқы кезеңінде тері де «демалып» жаңара түседі. Мүмкіндігінше күнделікті ішетін суыңызды әуелі салқын күйінде, кейін жылытып ішіңіз. Мұндай алма-кезек су ішу тек қана бет терісі үшін ғана емес, бүкіл ағза үшін пайдалы болып есептеледі. Таза ауада көбірек серуендеу жайлы айту артық шығар, дегенмен, жаңбырлы күнде қолшатыр астында көшеде, саябақта, аулада сейілдеу көңіл-күйіңізді көтеріп қана қоймайды, теріңіздің саулығы үшін де маңызы бар.

КӨЗ астындағы ӘЖІМге қарсы маска

Екі ас қасық табиғи бал мен осынша мөлшердегі ұн және бір дана жұмыртқаның сары уызын араластырып, қоймалжың жасап алыңыз. Осы қоймалжыңды бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Алдымен бетіңізді күйдірмейтіндей ыстықтау суға жуып, соңынан салқын сумен шайып тастаңыз.

ЖАСАРТАТЫН сусындар

1.Әрқайсысын 1 шәй қасықтан лимон шырыны, сұйық бал және зәйтүн майын араластырып, күн сайын таңертең аш қарынға ішіңіз.

2. 24 дана лимонды ұсақтап турап, 3 литрлік банкіге (немесе қақпағы тығыз жабылатын көлемі 3 литр болатын үлкендеу сырлы ыдысқа) салыңыз. Үстінен 400 грамм ұсақтап туралған сарымсақты салып араластырыңыз. Қақпағын бекітіп, 24 күн бойы қараңғы, салқын жерде ұстаңыз.

Уақыт өткеннен соң, дайын болған сусынды күнделікті 1 шәй қасығына 1 стакан суды араластырып, жатар орынға күніне бір рет ішіп жатыңыз.

Бет терісі БАЛҒЫН болуы үшін

Күн сайын немесе екі күнде бір рет алоэ жапырағының суын сығып алып, мақталы дискіні сол шырынға батырып алған соң, бетіңізді сүртіңіз. Алоэ шырыны теріңізді балғын етеді, әртүрлі пигментті дақтардан арылтып, ағартады.

ШАШ күтімін де ұмыт қалдырмаңыз!

Бір дана жұмыртқаның сары уызын 1 шәй қасық майонез және 2 дана ұсақтап туралған сарымсақпен араластырыңыз. Дайын болған масканы шаштың түбінен бастап, ұзындығын бойлап мұқият жағып шығыңыз. Масканы түгел жағып болған соң, басыңызға целлофан қалтасын орап, 20 минуттан соң сусабынмен жуып тастаңыз.

Көтеріңкі КӨҢІЛ-КҮЙ ең жақсы тәсіл

Жабырқаулы көңіл-күй адамды тез қартайтатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Қарттықты тежеудің ең жақсы тәсілі бұл жымиып жүру. Жақсы көңіл-күй мен күлкі өмірді ұзартады деген сөз бар. Адам организмінде «бақыт гармоны» саналатын серотин көңіл-күйдің жақсы болуына байланысты көбейеді. Жасыңыз қырықтан асса, «қартайып жатырмын» деп қамықпаңыз, керісінше, өмір енді ғана басталып жатыр. Көбірек күлімсіреңіз, барлығы да сіздің пайдаңызға шешіледі!
alashainasy.kz

25 қазан 2019 ж. 1 254 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 64

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 55

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930