Өміріңді өзгерткің келсе, түйсігіңді өзгерт
Материалистік ғылым ми жұмысының жемісі деп санап келген түйсіктің адам білмейтін жұмбақтары мен тылсым құдыреттері барлығы туралы соңғы жылдарда жиі айтылатын болды. Джон Кехоның «Подсознание может все» (Түйсік бәрін жасайды) деген кітабы мен «Секрет» фильмі шыққан кезден бастап түйсік туралы адамдардың пікірі де күрт өзгере бастады.
Өзін өзі дамыту ғылымының білгірі, аты әлемге танымал американдық миллионер Брайан Трейси табысыңды екі есеге көтерудің қарапайым және жалпыға қолжетімді тәсілін ұсынады. Енді осы тәсілге кеңірек тоқтала кетейік. Өйткені оны кез келген адам тәжірибе жүзінде қолдануына мүмкіндігі бар.
Б.Трейсидің айтуынша, бірнеше айдың ішінде табысыңды екі есеге көтерудің жолы мыныдай. Кәдімгі оқушының қалың дәптерін сатып ал дейді ол. Содан кейін күн сайын таңертең дәптерге таяу арада жүзеге асыратын 10 мақсат-жоспарыңды жазып қой. Келесі күні 10 жоспарыңды келесі бетке жаз. Осылайша 30 күн бойы күн сайын таңертең 10 мақсат-жоспарыңды жазып отыр және оның алдында жазғаныңа қарамай жаз.
Бұл сізге не береді? Трейсидің пайымынша, күнде он мақсат-жоспарды ойланып отырып жазу арқылы сіз түйсігіңізге әлгі ой-мақсатты терең енгізесіз. Түйсігіңізге орныққан арман-мақсат ақырындап оны санаңызға сіңіреді де, сізді сол мақсатты орындауға бағдарлайды. Осылайша, түйсіктің әмірімен сіз табысыңызды екі есеге көтеретін әрекеттер жасай бастайсыз.
Брайан Трейси өз шәкірттерінің бәріне осы тәсілді пайдалануды ұсынады екен және шәкірттерінің жеткен жетістіктері бұл тәсілдің 100 пайыздық дәлдікпен жұмыс жасайтынын көрсетеді дейді. Трейси айтады: мен ақы төлеп, ақуға жазылған шәкіртіме осы тапсырманы беремін және «егер 30 күн үзбей жасаған кезіңде табысың екі есеге өспесе, онда төлеген ақыңды қайтарамын» деймін дейді. Оның айтуынша, осы кезге дейін шәкірттерінің бір де бірі отыз күндік курстан кейін ақшасын қайтарып алмапты.
Бұл тәсілді кім пайдалана алады? Кез-келген адам осы тәсілді қолданып көруіне мүмкіндігі бар. Арзанқолдау қойындәптер сатып алыңыз да күнде таңертең таяу болашақта табысыңызды көтеруге көмектесетін 10 мақсат-жоспарыңызды жазып отырыңыз. Бұған әрі кетсе, бес минут уақытыңыз кетеді. Күн сайын бес минутыңызды жұмсауға мүмкіндігіңіз бар шығар. Және де он мақсат жоспарды жазу деген тас қашағандай ауыр жұмыс та емес. Онда байқап көріңіз. Бәлкім, бұл сіздің өмір жолыңызды өзгертіп, жарқын болашағыңызға жол ашар.
akikat01.com