Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жақсылық жасауға ұмтыл!

Жақсылық жасауға ұмтыл!

Бірде үш жігіт жолға шығады. Кенет қатты жаңбыр басталып, үшеуі қайда бас сауғаларын білмей таудың етегіндегі үңгірді көріп соған қарай жүгіре жөнеледі. Үңгірге кіріп демдерін енді ала бергенде үлкен бір тас үңгірдің аузын жауып қалады.

«Енді қалай шығамыз?» деп қатты қорыққан олар, тасты қанша итеріп көрсе қозғала қоймайды. Біреуі: «Бұл жерде бізге Алла ғана көмектесе алады. Сондықтан үшеуміз де осы уақытқа дейін жасаған жақсылықтарымыз үшін көмек беруін сұрап дұға етейік», - дейді.

Бірінші жігіт: «О, Жаратушым! Бірде мен қой бағуға өріске кеттім. Келсем кәрі әкем мен анам ұйықтап жатыр екен. Олар оянғанша жандарында сүт толы ыдысымды қолыма алып оянуларын күтіп отырдым. Осы ісім Сенің разылығыңа лайық болса, мені құтқаршы!» - деп жалбарынады. Алайда тастың тек бір шеті ғана сынады. Бірақ шыға алмайды.

Екіншісі: О, Аллам! Мен бір қызды қатты ұнатып қалдым. Оған үйленгім келетінін айтып едім, ұсынысымды қабыл алмады. Біраз уақыт өткенде әлгі қыз қатты қиналып менен көмек сұрап келді. Мен оған: «Маған күйеуге шықсаң, 100 дихрем алтын беремін» деп шарт қойдым. Алайда қыздың мұңды жүзін көріп оны аяп кеттім де, алтынды жай бере салдым. Егер осы ісімді дұрыс деп қабылдасаң, маған көмектесе гөр!» - дейді. Тастың тағы бір бөлігі опырылып түседі. Бірақ тесік адам сыймайтындай болады.

Үшінші жігіт: «Уа, Раббым! Мен өзіме бірнеше жалшы алдым. Біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Оның ақшасын алып айналымға салдым. Бірнеше жыл өткенде әлгі жұмысшы келіп ақысын сұрағанда: «Анау түйелер мен отар қойды көрдің бе? Солардың барлығы сеніңікі, ала ғой» - дедім. Ол маған таңдана қарағанда сөзімнің шын екенін, соның ақысы екенін айтып түсіндіріп, өзіне тиесіліні беріп жібердім. Осы ісімді құптаған болсаң бізді құтқара гөр!», - дегені сол еді, тас орнынан қозғалып, домалай жөнелді.

Үшеуі қатты қуанып, Аллаға алғыс білдіріп, ары қарай кете берді. (Бұхари, «Әдәб», 5; Муслим, «Зікір», 100).
mazhab.kz
10 қыркүйек 2019 ж. 1 699 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930