Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Әрбір адам жасауы тиіс тізім парағы

Әрбір адам жасауы тиіс тізім парағы

Әрбір адам өз тізім парағын жасайды. Бірі оқылуы тиіс кітаптарды, бірі баруы тиіс қалаларды жазады. Тізімнің не екенін, оның маңызын сұраса, біз оны баспалдақпен салыстырар едік. Біздің әр мақсатымыздың өзіне тән биіктігі мен қиындығы бар.
Егер бірден бірнеше баспалдақты артқа қалдырып, адымдайтын болсақ мақсатымызға тез жеткенімізбен, шаршап қалатынымыз анық. Ал, тізім жасау әр нәрсені өз уақытымын, өз қиындығымен өткізуге септігін тигізеді.
1. Креативті идеялар Шығармашылық — үздіксіз үрдіс. Оған шектеу қою мүмкін емес. Дегенмен, әр идеяға туатын мүмкіндік пен сай уақыт бар. Кейде адамға сын сағатта идеялардың келмей қалатыны тағы бар. Сондықтан, кез келген уақытта туған идеяларды қағазға түсіріп үйреніңіз. Бір күні міндетті түрде қажетіңізге жарайтыны анық.
2. Оқылуы тиіс кітаптар: Егер кітапты аяқтай салып, келесі қандай кітап оқитыныңызды шеше алмай қиналатын болсаңыз, онда міндетті түрде тізім жазыңыз. Оған достарыңыз ұсынған, блогтардан оқыған, естіген кітаптарды жазып қойыңыз.
3. Қызықты оқиғалар: Қызықты оқиғалар тізімін жазар кезде кейде ойымызға ешнәрсе келмей қояды. Егер жазып қойып, кейін қолыңыз босағанда бір оқып алсаңыз, сол сәтке қайта оралғандай боласыз. Өміріңізді қызықты өткізуге тырыса бастайсыз. Өйткені, тізімді толтыруды алдыңызға мақсат етіп қоясыз.
4. Күнделікті әрекет: Иә, іш пыстырады. Бірақ, ол күнделікті шаруаны өз уақытында аяқтап, барлық іске үлгеруге, кешікпеуге үйретеді. Істелген әрекеттерді белгілеп отыру, қиын күннен соң сіздің бір нәрсені аяғына дейін орындағаныңызды білдіреді. Жаныңызды рахатқа бөлейтініне күмәніңіз болмасын.
5. Фильмдер тізімі: Кітаптар секілді фильмдер тізімі артық етпейді. Қазір күн сайын жаңа фильм шығады. Ал, жақсы фильм іздеуге уақыт жұмсау керек. Егер тізім болса, уақытыңызды үнемдейсіз. Уақытыңызды тиімді өткізіп қана қоймай, қараған фильмдердің атауын есте жақсы сақтайсыз.
6. Армандар тізімі: Армандар дағдарысы әзілдейтін нәрсе емес. Адам армандау керек. Сонда ғана мақсат пайда болады. Адам сонда ғана еңбек етеді. Ал, армандар тек ойда болса, оның іске асуы да ұзаққа созылады.
7. Анти-тізім: Тек жақсы нәрсені ғана емес, кейде бас тарту керек нәрсені де сипаттаған дұрыс. Мысалы, темекі тарту, өтірік айту, теледидарды 3 сағаттан артық қарау. Мұның бәрін жазыңыз да, күні бойы осылардан бас тартыңыз.

30 сәуір 2019 ж. 33 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031