Қызылорда медициналық жоғары колледжіне – 90 жыл
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 90 жылдығына орай колледж студенттері арасында «Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Конференция жұмысы «Туған жер - тұнған тарих», «Цифрлы Қазақстан - заман талабы», «Латын әліпбиі - рухани жаңғыру бастауы», «Жанында жүр жақсы адам» бағыттары бойынша жүргізілді. Оған өңіріміздің барлық колледждерінің студенттері қатысты.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп бере алады.
Конференция қорытындысы бойынша барша жасқа білім рухани жаңғыру аясында бірлігі бекем елдің ғана әлемді мойындататын табысты ел болу, жарқын болашақты отырып, астында елімізді дамыту үшін бірге қызмет етуге үндеу айтылды.
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткен конференцияда «Менің болашақ Қазақстаным» тақырыбында ғылыми жобасын қорғаған И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенті Аян Сәрсенбек бас жүлде иеленсе, «Латын графикасына көшудің тиімділігі мен жолдары» тақырыбында ғылыми жұмысын қорғаған М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Орынай Байтуғанова бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші, үшінші орын иегерлері де марапатталып, қошеметке бөленді.