Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру бастауы

Рухани жаңғыру бастауы

Жанқожа батыр атындағы №70 мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – рухани жаңғыру бастауы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мұндағы басты мақсат – рухани жаңғыру аясында латын әліпбиінің енгізілуін қолдау және тиімділігін дәріптеу. Онда аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.Орымбас латын қарпіндегі қазақ әліпбиін үйрену заман талабы екендігін алға тартып, ұстаздар қауымы оны меңгеруге барынша атсалысуы қажеттігін сөз етті.
№70 мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Р.Сәдуақастың жетекшілігімен өткен жиында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Р.Орынбаева, Қ.Жолдыбай, Ж.Сисенбай латын әліпбиі қолданысының тарихи кезеңдеріне шолу жасады.
Сондай-ақ, латын әрпіндегі әліпбидің тиімділігі туралы аргументтерді зерделеді. Олар «Латын әліпбиі – тарих қойнауында», «Жаңа әліпбиге ауысудың тиімді аргументтері», «Жаңа әліпби – рухани жаңғыру бастауы» тақырыптарында баяндама жасады.
Жиында мектеп тренері Ж.Сисенбайдың басқаруымен латын әліпбиін тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын қарастыратын коучинг өткізілді. Коучинг барысында ортаға шыққан қатысушылар үш топқа бөлініп, латын қарпімен жазылған әліпбиді тәжірибеде қолданудың алғышарттарын қарастырды. Тиімді бағыттарын талдады, әліпбиге көшудің маңыздылығын түсінді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
05 наурыз 2018 ж. 2 865 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031