Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар табысқа жеткен тұлғалардың еңбегімен танысты

Жастар табысқа жеткен тұлғалардың еңбегімен танысты

Өткен аптада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты тарихи-танымдық шара өтті. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» орталығы хабарлады.
Шара аясында «Табысқа жеткен тұлғалар» атты Қызылорда облысының өркендеуіне өз үлестерін қосқан азаматтардың жеке өмірінен фото-шежірелер, қоғамдық қызметтерінен естелік құжаттардан көрме ұйымдастырылған. Көрмеге қатысушылар видеороликтер арқылы танымал тұлғалардың отбасылық өмірінен, кәсіби біліктілігін танытатын еңбектерінен қызықты мәліметтермен танысты.
Сонымен қатар, студент жастардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім - жетістіктер тарихы» атты TED форматтағы ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы болды. Презентацияда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жобаға енген Қызылорда облысының тұрғындарының 82 тұлғасы туралы танымдық-зерттеу жұмыстарының бейнематериалдары ұсынылған.
Көрмеге 2000 адам қатысты. Олардың арасында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылар мен жеңімпаздары, ұлттық қоғамдық орталықтардың өкілдері болды.
19 ақпан 2018 ж. 1 264 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930