Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің ертеңін ойлаған Елбасы

Елдің ертеңін ойлаған Елбасы

ҚР Тұңғыш Президенті күнін қазалылықтар Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында тойлады. Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Мұрат Нәлқожаұлы еліміз жиырма алты жылдың ішінде талай қиындық пен қуанышты бастан өткеріп, Қазақстан деген мемлекетті дүниежүзі мойындағанын тілге тиек етті.

Мерейлі мерекеде алтын құрсақты аналар мен еңбекте қажырлы ісімен көзге түскен жандар назардан тыс қалған жоқ. Аудан басшысы көп балалы аналар Бибіасыл Абуова, Гүлшат Ахмет, Самал Айдынбаеваға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Алтын алқа» белгісін табыстады. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарды облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Тұңғыш Президент күніндегі салтанатқа жиналғандар аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

05 желтоқсан 2017 ж. 1 489 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды