Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ел есінде Мұқағали жырлары

Ел есінде Мұқағали жырлары

Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде өлең өлкесінде шашасына шаң шұқтырмаған дарын иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толуына орай «Ел есінде Мұқағали жырлары» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Байқауға 6-10 сынып аралығындағы 8 талапкер қатысты. Мақсаты – ақындыққа жақын оқушыларды анықтап, мерекелік шаралар мен аудандық байқауларға қатыстыру. Сайыстың негізгі шарттарына сай ІІІ кезең бойынша өткізілді.
І кезеңде әрбір талапкер ақиық ақынға шығарған арнау жырларын жатқа, мәнерлеп оқып берді. ІІ кезеңде қатысушылар тапсырма арқылы тақырыпқа, сюжетке қарап өлең шумағын шығарудан бақ сынады. ІІІ кезең бойынша оқушылардан сахнада өлең шумағының екі қатарын әрі қарай ұйқастыра шығару талап етілді.
Тағылымды басқосуда ақынның өмір деректері мен жеке суреттері, өзі оқыған өлең шумақтары бейнеролик арқылы көрсетілді.
Ақын өлеңіне жазылған әндері мен өлең шумақтары сахна төрінде нақышына келтіріле орындалды. Жәнібек Сармолдаев, Астанбек Серік сияқты жазба ақындар Мұқағалидың құрметіне өз өлеңдерін оқыды.
Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Нұрай Жәнібек жеңіп алды. Екінші орын Нұрбек Жауылбайға бұйырса, үшінші орынды Райжан Сейіткерей қанжығасына байлады. Жүлдегерлер мен қатысушыларға мақтау қағаздары мен сый-сияпаттар табысталды.
Темір ҚАПАРОВ,
Бекарыстан би ауылы.

15 ақпан 2018 ж. 1 591 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031