Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүлдіршіндер жүлдемен оралды

Бүлдіршіндер жүлдемен оралды

Алматы қаласында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді айтудан және ақынның өлеңдерін оқудан жасөспірімдер мен балалар арасында «Жырлайды жүрек» атты Х республикалық байқау болып өтті.
Бұл дүбірлі додаға біздің ауданнан «Ақбота» балабақшасы бүлдіршіндері мен «Еркетай» бишілер тобы қатысып қайтты. Бишілер Ағаділ Айман, Оразхан Берекет, Дасқалова Алуа, Тілеуберген Бағдәулет, Әбілтай Жәния, Қуандық Серікболсын, Елубай Нұрислам, Көпжан Нұршат, Жақсыбай Жәния, Оңталап Сандуғаш, Жұмағұл Жаннұр, Жайлыбай Раян, Таңатар Инабат «Хан тұғыры», «Жалқаубек» билерін нақышына келтіре орындап, байқаудың «Бас жүлдесін» иеленді.
Өнер өлкесіне қанат қаққан жеңімпаз бишілеріміздің республикалық байқауда жеңімпаз атанып, биік тұғырдан көрінуіне балабақша меңгерушісі Жолболды Базаркүл, психолог Көмекбаева Дина, ән жетекшісі Бержанова Рсалы, би жетекшісі Ералықызы Рима және кішкентайлардың ата-аналары зор үлес қосты.
Жүлдемен оралған «Ақбота» балабақшасы ұжымына және бүлдіршіндерімізге өнерде қанаттарың талмасын, жүлде құтты болсын дейміз!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
01 ақпан 2018 ж. 2 139 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031