Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны

Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны

Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі оқиға боп әр көңілде жатталған қымбат қазынасы айбынды азаттығы десек артық болмас. Алаш жұртының асқақ мерекесі №5 кенттік кітапхана мен Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің атсалысуымен «Ұрпақтың ұмытылмас мәңгі ұраны» атты ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Ізгі шараның мақсаты – оқырмандарды еліміздің гүлденуі үшін рухани байлығы аса маңызды екенін түсіндіріп, шығармашылығын дамытуы арқылы қазақ елінің өркендеуіне үлесін қосуы маңызды екенін насихаттау.
Жас ақындардың жыр бәйгесіне мектеп оқушылары белсене қатысты. Әділқазылар алқасының ұйғаруымен сауатты өлең жазып, нақышына келтіре көркемдеп оқыған оқушылар жеңіске қол жеткізді. №5 кенттік кітапхананың кітапханашысы А.Орынбай жас ақындарға Отанға деген махаббатты ана тілімізге зор сүйіспеншілікпен қарауы арқылы көрсеткендіктерін тілге тиек етті. Игілікті іске аса жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ барда қазақ елі өркендей беретіндігін мақтанышпен жеткізіп, мақтау грамотасы мен жүлделі сыйлықтарды табыстады.
Бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің оқушысы Гүлім Қуанышбай қанжығасына байлап, облыстық байқауға жолдама алды. Жас ақындар мүшәйрасын Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің ұйымдастырушы педагогы Н.Сейталиева қорытындылады. Ол ана тілін қастерлеуге, оның шәрбатын қанып ішуге үйреткен ата-аналарға алғысын жаудырды.
Айнұр ӘБІЛТАЕВА,
№5 кенттік кітапхананың қызметкері.
03 қаңтар 2018 ж. 2 460 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 178

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31