Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қазалы дауысы" атты аудандық байқауы

"Қазалы дауысы" атты аудандық байқауы

Кеше Қазалы қалалық мәдениет Үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Қазалы дауысы» атты аудандық вокалды топтар байқауы өткізілді.

Байқауға трио, квартет, квинтет түрінде құрылған вокалды топтар қатысып өнер көрсетті және олар ережеге сәйкес бірінші кезеңде Абай әндерін, екінші кезеңде өз қалауындағы әндерді орындаудан сайысты. Әнді орындау шеберлігіне, сахна мәдениетін игеруіне, киім үлгісіне, әннің оранжировкасына баса назар аударылды.
Орындаушылардың өнерін таразылап, қас өнерді бағалауда сазгер,музыкант Қазақстан Республикасының мәдениет Қайраткері Арман Әуез, ардагер өнерпаз, сазгер Нұрмаш Алғашбаев,аудандық оқушылар үйінің ән үйірмесінің жетекшісі Нағима Қарымсақова және аудандық Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің вокал сыныбының мұғалімі Гүлдана Мұратбай төрелік жасады.
Нәтижесінде Бас жүлдені Ғани Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйі жанынан құрылған "Шұғыла" квартеті және Басықара ауылдық клубынан "Бабалар үні" тобы,
І орынды Қожабақы ауылынан "Қожабақы" триосы және кіші топтан Лақалы ауылдық клубынан"Алау" тобы , ІІ орынды Кәукей ауылынан "Қыр гүлі" тобы және жүлделі ІІІ орынды Жанқожа батыр ауылынан "Жанқожа" тобы жеңіп алды.
Жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды!!!
13 ақпан 2020 ж. 1 791 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930