Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Абай дана, Абай дара қазақта

Абай дана, Абай дара қазақта

Абай- кемеңгер, Абай- ойшыл, Абай-дана, Абай-кемеңгер. Ғұламалығы мен білімдарлығы бекзат болмысты биіктетері хақ. Ұлы ойшылдың ой иірімдері адамзат баласын ұлылыққа жетелейді. Кемеңгер Абай дала философиясын жасады. Өлеңдері мен қарасөздері тұнған пәлсапа. Оны ұғу үшін өлеңдерін оқу керек, сезіну керек. Тереңге бойлайтын тұңғиық жырлары,таңдаулы туындылары ақын Абайдың кемеңгерлігінің қайнар бұлағы іспеттес. Дана Абай:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек,- деп адамның адам болу мақсаттары заманымен үндесіп,үйлесім тауып жатса ғана, белгілі бір биікті бағындырары сөзсіз екенін білді. Саналы адамның артықшылығы да осында болса керек. Заман көшін алға сүйреп,қоғамның тамыршысындай дөп басып, көкейдегіні танитын көрегендігі неге тұрады?
Адамзатқа не керек?
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекетқылмақ, жүгірмек,
Ақылменойлап сөйлемек.
деген өлең жолдарында адам баласы үшін сүю, сезіну, әрекет қылу, ақылмен шешу маңызды деген ой түйіні жатыр. Жұмбақ адам ақын Абай өз ұлтының қиналысы мен арпалысын, азабы мен мехнатын жырмен жеткізді, өлеңмен өрнектеді. Қайғысына налыды, қуанышын бөлісті.Ол өз халқының ұлттық рухының биік, санасының сергек болуын қалады.Қиыннан қиыстырған өлеңдері ұлттың мұңын мұңдап,жоғын
жоқтады. Абай кемеңгерлігі де осында жатыр. Тоғышар,көрсеқызар, ашкөз адамдарды жаны қаламады. Білім алуды,дүниені тануды мақсат етті. Абай өз мақсатына өлеңдері арқылы жетті. Өлеңімен тілдесті.Жырымен үн қосты. Абай барда, Абайдай дана барда қазақ халқы мәңгі өмір сүрмек,ұлттық болмысын жоғалтпақ емес. «Абай-дана, Абай-дара қазақта» деген осы.
Біз Абайымызбен мақтанамыз, марқаямыз, шаттанамыз. Абай-мәңгілік нұрдың елшісі. Абай ілімінің күші ХХI ғасырда да құнын жоймайды, күші кемімейді, қайта қадір-қасиеті артып,биіктей түсері хақ. Біз де өз кезегімізде бала бақшадағы балаларға Абай өлеңдерін жаттатып, олардың бойында өлеңге, Абайға деген құрметті арттырғымыз келеді. Абай өлеңдерін балабақшадан үйрету бала кезден құлаққа сіңісті ету-Абайды тануға жасалған алғашқы қадамдардың бірі болмақ.
Мира УМЕРТАЕВА,
№7«Балдырған» санаториялық
бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі.




17 ақпан 2020 ж. 8 089 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031