Қауып алатын қауіп
Фото: ашық дереккөзден алынды«Қаппайды, өте бер» деді көрші аға байыпты дауыспен. Әлгі итінің түріне қарасаң, мені нысанасына көздеп тұрғандай. Артық қозғалыс жасасаң, біттің... Иесі болса «қаппайды, қаппайды» деп ақтап әлек. Тәуекел еткен күйі бір қадам жасағаным сол еді, «арп» еткен дауыстан жаным сыртқа шығып кеткендей. Көрші мойнындағы қарбауын ұстап үлгерді. Ал мен үйге қарай зыттым.
Сыртқа шығып, жаяу жүрсең осы ғой. Әр жерде ырылдаған бұралқы ит. Бізді қоя берші, әсіресе сабаққа барып, қайтатын оқушылар үшін күнделікті арпалыс. «Қаппайды» деген Құтжолыңның өзі жануар. Қапса бітті, адам ба, бала ма қарамайды. Иесіз иттер көпшіліктің құтын қашырып, бала тұрмақ, ересек адамның өзі жалғыз жүруге тайсақтауда. Заң жобасын талқылау кезінде депутат Е.Жаңбыршин соңғы бір жылда 41 366 адамды ит қапқанын айтқан болатын. Соның ішінде 23 134 адам бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен. Орташа есеппен елімізде бір сағатта бес адамды ит қауып, талайды екен. Мәселенің мәні неде?
Бірер жыл бұрын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қол қойылды. Заңды әзірлеген – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Осы заңға сәйкес көшеде қаңғып, қоқыс жәшігін торуылдаған итті атуға болмайды десті. Атсаңыз да, аттырсаңыз да, заң алдында жауап беріп, айыппұл арқалады. Қысқасы, басымыз бәлеге қалды. Бұрынғыдай көше-көшені аралап, кезген иттерді ата салу жоқ. Жаңа заңға сәйкес, қаңғыбас ит мысықтарды аулап, жою жұмыстары тоқтатылды. Заң аясында әзірлеген үлгілік қағидалар бойынша ауланған жануарлар уақытша ұстау орындарына жеткізілуі тиіс болатын. Алайда оған облыста уақытша ұстау орындары жоқ болды. Одан соң қаңғыбас, қараусыз қалған иттердің есебін жүргізіп, сондай-ақ олардан жұғатын аса қауіпті құтыру, эхинококкоз ауруларын алдын алу бойынша вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Ветеринарлар тарапынан қаңғыған итке қарсы бұдан басқа дәрмен жоқ еді. Нәтижесі қандай болды?
Бұған дейінгі заң бойынша бұралқы иттерді ұстап, стерильдеп, вакцина егіп, қайтадан көшеге жіберу тәжірибесі жүргізілді. Бірақ бұл жүйеден ойдағыдай нәтиже шықпаған екен. Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан тура үш жыл бұл мәселеге назар аударып, әкімдіктер мен құзырлы органдарды батыл шаралар қолдануға шақырған. Мемлекет басшысы «Жануарларды аялауымыз керек, бірақ олардың адамға, әсіресе балаға шабуына жол бере алмаймыз. Барлық өңірден шағым түсіп жатыр, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Бұл дұрыс емес. Дереу шара қолдану қажет», – деген болатын.
Осылайша жыл басында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қайтадан талқыға түсіп, мәжілістің жалпы отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Бастапқыда бұралқы жануарларға 15 күн мерзім ұсынылған болатын. Алайда заң жобасын талқылау барысында икемдірек әрі өмірге жақын шешім қабылданды, яғни ең төменгі уақытша ұстау мерзімі – кемінде 5 күн, сонымен бірге мәслихаттарға бұл мерзімді ұзарту құқығы беріледі. Ал иесі болуы мүмкін қараусыз жануарларға 60 күндік мерзім көзделген. Сонымен бірге оларды жаңа иелеріне беру мына міндетті шарттар сақталған жағдайда жүзеге асады: сәйкестендіру, есепке қою, вакцинация, тиісті күтіп-ұстау.
Мысықтарға қатысты бұрынғы тәсіл сақталады. Халықаралық тәжірибе мен тәуекел сипатын талдау нәтижесінде иесіз мысықтарға қатысты қайтадан ортаға қайтару тәсілін сақтау ұсынылады. Бұл – заң жобасының жаппай қатаңдату қағидатына негізделмегенін, керісінше тәуекелдерінің айырмашылығына, санитариялық қауіп деңгейіне және адамға төнетін нақты қатер деңгейіне негізделетінін көрсетеді.
Жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейтіледі. Заң жобасымен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жануарлардың агрессиясын дереу тоқтатуға бағытталған шұғыл әрекет ету шараларын ұйымдастыру құзыреті беріледі. Сонымен қатар иттер мен мысықтарды міндетті чиптеу енгізіледі. Бұл – заң жобасындағы ең маңызды жүйелі түзетулердің бірі. Осыған байланысты депутаттар маңызды нормалар енгізді. Үй жануарларын серуендету талаптарын бұзуға жол берген иесі немесе жауапты тұлға, соның салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, басқа жануарларға, не өзге тұлғалардың мүлкіне зиян келсе, келтірілген залалды өтеуге міндетті болады. Ал егер мұндай әрекет салдарынан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келсе, онда мұндай жануардың иесі белгіленген тәртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті болады. Ұстауға тыйым салынған және шектеу қойылған жануарларға қатысты қосымша реттеу енгізілмек. Заң жобасымен уәкілетті органға: ұстауға, өсіруге және айналымына тыйым салынған немесе шектеу қойылған жануарлардың тізбесін бекіту құзыреті беріледі. Өйткені мемлекет қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана әрекет етпеуі тиіс.
Бұл өзгерістерге келіспейтіндер де жетерлік. Олар мұндай шаралар жануарларды мүлдем жойып жіберуі мүмкін деп есептейді екен. Ал адам өмірі ше? Ата заңның 1-бабында: «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп анық жазылған. Сол үшін адам құқығы барлығынан жоғары тұруға тиіс.

Айнұр ӘЛИ