Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі дизель отынының қоры соңғы 35 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Әлемдегі дизель отынының қоры соңғы 35 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан әлемнің кейбір нарықтарында дизель отынының қоры соңғы 35 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды ТАСС.

Әлемдегі дизель отынының қоры соңғы 35 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті
Фото: Shutterstock
Абу-Дабидің ұлттық мұнай компаниясының (ADNOC) бас директоры Сұлтан бен Ахмед әл-Джабер ADIPEC 2026 халықаралық энергетикалық конференциясында Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының бұзылуы энергия ресурстарын жеткізуге айтарлықтай кедергі келтіргенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейбір нарықтарда дизель отынының қоры жылдың осы кезеңіндегі соңғы 35 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. ADNOC басшысы өзге нарықтарда сұйытылған табиғи газ тапшылығы да байқалып отырғанын айтты.
Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бұзылғалы бері әлемдік мұнай қорынан шамамен 1 млрд баррель мұнай пайдаланылған. Сонымен қатар шикізатты тасымалдау шығындары айтарлықтай өскен.
Иранмен қақтығыс басталғанға дейін мұнайдың бір баррелінің құнындағы логистикалық шығындардың үлесі шамамен 5% болса, қазір бұл көрсеткіш 30%-ға жеткен.
Ормуз бұғазы — әлемдегі энергия ресурстарын тасымалдаудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жол арқылы дүниежүзілік мұнай саудасының шамамен 25%-ы және сұйытылған табиғи газ саудасының 20%-ға жуығы өтеді.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Маусымда Вашингтон мен Тегеран Ливан аумағындағы қақтығыстарды қоса алғанда, әскери іс-қимылды тоқтатуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.
Алайда 8 шілдеге қараған түні АҚШ тарапы Иранға жаппай соққы жасауды қайта бастағанын мәлімдеді. Вашингтон Тегеранды Ормуз бұғазына қатысты келісімдерді орындамады деп айыптады.
Кейін АҚШ әкімшілігі ауқымды әскери әрекеттерден бас тартып, Иранға санкциялар арқылы экономикалық қысымды күшейтуге көшетінін хабарлады.
Айта кетейік, Иран АҚШ өз талаптарын орындаған жағдайда Ормуз бұғазын қайта ашып, дипломатиялық келіссөздерді екі күн ішінде жаңғыртуға дайын екенін жеткізді. 

03 қараша 2026 ж. 47 0

Жеңістерге толы жол

03 қараша 2026 ж. 44

Қауып алатын қауіп

03 қараша 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30