Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

pixabay.com
2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.
Министрліктің дерегінше, Қазақстанда фармацевтикалық өнім экспортының көлемі артып, саладағы инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Отандық фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігі көршілес мемлекеттерге жеткізіледі.
Сонымен қатар экспорт географиясын одан әрі кеңейтуге, оның ішінде Ауғанстан нарығына шығуға әлеуеті бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов "Kazakhstan–Afghanistan: Partnership for Health 2026" атты алғашқы Қазақстан–Ауғанстан медициналық бизнес-форумында мәлімдеді.
Экспорт көрсеткіштерінің өсуімен қатар, салаға инвестиция тарту жұмыстары да жалғасып отыр. 2025 жылғы желтоқсаннан бері жалпы сомасы 391,3 млрд теңгені құрайтын сегіз инвестициялық келісім жасалды.
Келісімдер "Khan Tengri", "Химфарм", "Нобел", "Алтинфарм", "Ромфарм", "Абди Ибрагим Глобал Фарм", "Қарағанды фармацевтикалық кешені" және "Степпе" компанияларымен жасалған. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту отандық фармацевтика саласын нығайтып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Форум шеңберінде 28–29 қазанда Ауғанстан делегациясы Қазақстанның ірі отандық өндірушілерінің өндірістік алаңдарын аралап, кәсіпорындардың өндірістік қуатымен, технологияларымен және сапаны бақылау жүйесімен танысты.
Бүгінде Қазақстанда 209 өндіруші жұмыс істейді. Оның 43-і дәрілік заттар өндірісіне, қалғаны медициналық бұйымдар шығаруға маманданған.
Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілермен тұрақты диалог жүргізіп, пациенттердің мүдделері мен фармацевтика саласының дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге басымдық береді.



03 қараша 2026 ж. 25 0

Жеңістерге толы жол

03 қараша 2026 ж. 46

Қауып алатын қауіп

03 қараша 2026 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30