Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иттің адамнан айырмасы – тамақ берсең қаппайды

Иттің адамнан айырмасы – тамақ берсең қаппайды

Марк Твен – америкалық жазушы, журналист, қоғам қайраткері. Бүгінгі кезек оның қанатты сөздерінде.
Мейірім – бұл саңыраудың ести алатын, соқырдың көре алатын сезімі.
Әжім – күлкі жиі болатын жердің көрінісі.
Шынайы досың сен қате қадам басқанда да жаныңда қалады, ал сен дұрыс кезде барлығы жаныңнан табылады.
Қайғыны жалғыздықта жеңуге болады. Ал қуанышты қалай болса да біреумен бөлісу керек.
Егер ақша керек болса, бөтен адамға барыңыз; егер кеңес керек болса, досыңызға барыңыз; ештеңе керек емес болса, туысыңызға барыңыз.
Тек шындықты айт. Сонда ештеңені есте сақтап жүрмейсің.
Денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – жегің келмегенді жеп, ішкің келмегенді ішу, қаламаған нәрсеңді істеу.
Банк қызметкері – сізге ашық күні қолшатыр ұсынып, жаңбыр жауа бастағанда алып қоятын адам.
Біз аса қалаған нәрсеміз бір күні келеді, ол кезде маңызы да болмай қалады.
Біз өлгенде табыт жасаушының өзі өкінетіндей өмір сүрейік. Ақыры бар достықтың өзі де болмаған.
Жақсы болу адамды тоздырып жібереді.
Жаман әдеттен арылу оңай, мен оны миллион рет қайталап көрдім.
Классика дегеніміз – барлығы оқу керек деп есептейтін, бірақ ешкім оқымайтын әдебиет.
Өзінің қалжыңын түсіндіріп тұрған адамнан асқан аянышты көрініс жоқ.
Егер сайлаудың маңызы бар болса, онда оған біздің қатыстырмас еді.
Көшедегі итке тамақ берсеңіз, ол сізді ешқашан қаппайды. Адам мен иттің айырмашылығы да осында.
Қанатты сөздің дұрыс мөлшері: қысқа сөз, терең ой.
massaget.kz
02 қазан 2019 ж. 1 161 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930