Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентінің 5-ші квартал аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Қазалы ауданындағы қала, кент және ауылдық округтер, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілер белсенді қатысып, тұрғындарға сапалы әрі табиғи өнімдерін ұсынды.
Жалпы жәрмеңкеге 23 автокөлікпен 74,6 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері шығарылды. Оның ішінде: 8 тонна күріш өнімі, 3,2 тонна сүт өнімдері, 3,4 тонна ет өнімдері, 6,5 тонна балық өнімдері, 46 тонна картоп және көкөніс өнімдері, 7,5 тонна кондитерлік өнімдер бар.
Жәрмеңкені аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, жергілікті тауар өндірушілермен және тұрғындармен пікір алмасты. Аудан әкімі ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасын бақылап, кәсіпкерлердің жұмысына назар аударды.
Аудан басшысы тиісті сала басшыларына алдағы уақытта да жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсетіп, тұрғындарды сапалы әрі нарық бағасынан арзан бағада ауыл шаруашлығы өнімдерімен қамту бағытында осындай жәрмеңкелерді аудан орталығының әр аумағында көптеп ұйымдастыруды тапсырды.
04 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031