Қазалының ауыл шаруашылығы өнімдері Қызылорда қаласының тұрғындарына ұсынылды
Бүгін Қызылорда қаласында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеге ауданнан 46 жүк көлігімен 104 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері жеткізіліп, қала тұрғындарына ұсынылуда.
Атап айтқанда, 9 тонна күріш, 6 тонна сүт өнімдері, 5,1 тонна ет, 6,5 тонна балық өнімдері, 67 тонна бақша өнімдері, 9,5 тонна кондитерлік өнім және 1 тонна «Қазалы кәмпит», «Рза» АҚ-ның сүт өнімдері шығарылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылып, нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда.
Жәрмеңке Қызылорда қаласының Шұғыла мөлтек ауданында, Ғани Мұратбаев көшесі мен Қожа Ахмет Ясауи көшелерінің қиылысында өтуде.
Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
Қазалының ақ күріші мен тәтті қауыны, табиғи сүт өнімдері мен еті, балығы және өзге де сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!














