Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыста аптап ыстық: ауа райы алдағы күндері 41 градусқа дейін көтеріледі

Демалыста аптап ыстық: ауа райы алдағы күндері 41 градусқа дейін көтеріледі

Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр
Демалыста аптап ыстық: ауа райы алдағы күндері 41 градусқа дейін көтеріледі
Фото:
pixabay.com
Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың шығысында кезеңнің басында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
«Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35-39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35-41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36-41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады», – делінген синоптиктердің болжамында.



07 тамыз 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31