Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық қысады

Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық қысады

Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық қысадыPixabay.com
Қазақстанда алдағы үш күнде күн құбылмалы болады. Елдің бір бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түссе, енді бір өңірлерде аптап ыстық күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
«Қазгидромет» болжамынша, 9-11 шілде аралығында еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
9 шілдеде қолайсыз ауа райы шығыс өңірлерде де сақталады. Кейін жауын-шашын тоқтайды.
Сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
ҚАЙ ӨҢІРЛЕРДЕ АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түспейді. Оның орнына күн қатты ысиды.
Күндіз ауа температурасы:
  • батыс пен оңтүстік-шығыста +33…+42 градус;
  • солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде +32…+40 градус;
  • оңтүстікте +45 градусқа дейін;
  • шығыста +30…+38 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің мәліметінше, көп өңірде ауа температурасы көтеріліп, аптап ыстық күшейеді.
08 шілде 2026 ж. 185 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31