Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, оңтүстікте аптап ыстық күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, оңтүстікте аптап ыстық күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып, оңтүстікте аптап ыстық күшейеді
 Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде синоптикалық жағдай өзгеріп, бірқатар өңірлерде жауын-шашын мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. 16–17 шілде күндері кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бұршақ жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Жауын-шашынның әсерінен батыс өңірлердегі аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндізгі ауа температурасы +22…+35 градус аралығында болса, солтүстік өңірлерде +21…+36 градусқа дейін өзгереді.
Алайда республиканың орталығы мен шығысында өте ыстық ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысының жекелеген аудандарында Орта Азиядан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы жалғасады. Көпшілік аумақта жауын-шашын күтілмейді. Тек оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал.
Синоптиктердің мәліметінше, аталған өңірлерде күндіз ауа температурасы +41…+46 градусқа дейін жетіп, климаттық нормадан айтарлықтай жоғары болады.
16 шілде 2026 ж. 297 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30