Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қайтадан 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады

Елімізде қайтадан 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады

7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Фото: PixabayФото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 7, 8 және 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялап, алдағы күндері елде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
7-9 шілде аралығында Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
7-8 шілдеде жауын-шашын солтүстік пен орталық өңірлерде де түседі. 7 шілдеде орталық және шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. 8 шілдеде батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, ал 9 шілдеде еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде екпіні күшті жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін.
Сонымен қатар батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді болжанып отыр.
Алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
  • еліміздің солтүстік-батысы мен орталық өңірлерінде аптап ыстық 35-39 градусқа дейін күшейеді;
  • жекелеген аудандарда 41 градусқа дейінгі аптап ыстық болады;
  • солтүстік өңірлерде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасына айтарлықтай өзгеріс болмайды.
07 шілде 2026 ж. 24 0

7 шілдеге валюта бағамы

07 шілде 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031