Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде өткен сенбілікте бірқатар көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтқанда, Қ. Пірімов көшесі, Қ. Ерімбет көшесі, Батыс теміржол өткелінен Т. Бөрқұлақов көшесіне дейінгі аралық, сондай-ақ «Үш таға» аумағынан Жанқожа көшесіне дейінгі Т. Бөрқұлақов көшесінің бойында шөп шабу, бей-берекет тасталған қоқыстар жинау, аяқ су арықтарын тазарту, қоршауларды, жол белгілерін, орындықтарды жуу, сырлау сынды жұмыстар атқарылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі сенбілік жұмыстарының барысын аралап, тазалыққа жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарымен және Әйтеке би кентінің әкімімен бірге атқарылған жұмыстарды көрді. Жауапты сала басшыларына санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстап, елді мекендердің тазалығы мен көркеюі бағытындағы жұмыстарды әр қарайда жүйелі түрде жалғастыра беру жөнінде тапсырмалар берді.
Сонымен қатар бүгін аудан аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында және қоқыс полигондарының аумақтарында да кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпыхалықтық сенбілікке 134 мекемеден 1 425 адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 15,3 тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды.
04 шілде 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031