Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Қазалыда жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес аудан орталығы – Әйтеке би кентінің барлық аумағында тиісті бөлініске сәйкес тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сондай-ақ барлық ауылдық округ бойыншада мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындар тазалық акциясы аясында туған жердің тазалығына біркісідей атсалысты.
Аудан орталығындағы ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аудан әкімі аралап көріп, тазалық жұмыстарына қатысты кент әкімі мен жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Бүгінгі сенбілік барысында Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалы алдындағы Әйтеке би алаңы, вокзал аумағы, Жалаңтөс баһадүр саябағы, Әйтеке би кентінің бас қақпасынан теміржол өткеліне дейін, теміржол өткелінен бастап Роза Бағланова көшесінің бойындағы ретсіз өткен шөптерді шабу, қоқыстарды теру, бағаналар, қоршаулар, бордюрларды әктеу, сырлау, аялдамаларды жуу жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстары барысында тазалық мекемелері жиналған қоқыстар мен шабылған шөптерді техникалар арқылы арнайы орындарға шығарды.
Жалпы бүгінгі аудан көлемінде жүргізілген сенбілік жұмыстарына барлығы 121 мекемеден 1 275 адам, 12 техника жұмылдырылып, полигондарға 13,4 тонна қоқыс шығарылды.
27 маусым 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031