Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі мекеме-кәсіпорындар 7 аймаққа бөлініп, Т.Бөріқұлақов, Жаңқожа батыр көшесі, В.Счастнов Р.Бағланова секілді бірқатар орталық көшелерде тиісті тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында Әйтеке би кентіндегі Вокзал аумағындағы саябақта тиісті тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді.
Республикалық тазалық акциясы аясында өткізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жауаптылармен бірге аралап көріп, тазалық жұмыстарындағы кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық шараларына 98 мекемеден 1125 қызметкер қатысып, 11 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 12,1 тонна бей-берекетсіз қоқыстар жиналып, арнайы орынға шығарылды.
Айта кетейік, тазалық акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде жалғасты.
16 қараша 2025 ж. 402 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30