Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Ұлттық домбыра күніне орай екі мыңнан астам шара өтеді

Елімізде Ұлттық домбыра күніне орай екі мыңнан астам шара өтеді

Елімізде Ұлттық домбыра күніне орай екі мыңнан астам шара өтеді
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды мәдени бағдарлама бастау алды. Бұл шараларға 2 миллионнан астам көрермен мен қатысушы тартылады деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл мейрам еліміз үшін ерекше кезеңге – күшіне енген жаңа Конституциядан кейінгі уақытқа тұспа тұс келіп отыр. Жаңарған Ата заң ұлт бірлігін, тарихқа деген құрмет пен мәдени мұраны ұлықтаудың жаңа кезеңін айқындайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның халық өміріндегі орнына тоқталып: «Нағыз қазақ – домбыра», - деп атап өткен болатын. Президент бұл қасиетті құндылық Қазақстанның әлемдегі бірегей брендіне айналуы тиіс екенін қадап айтты.
Жалпы ел бойынша 2000-нан астам іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 20 республикалық деңгейдегі шара және 98 облыстық маңызы бар концерт пен фестиваль.
Мерекелік жобалар аудан орталықтары мен шалғай ауылдарды да түгел қамтиды. Бағдарлама аясында күйшілер мен домбырашылар конкурстары, көрмелер, ғылыми конференциялар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады.
Астанада 5 шілде күні қалалық амфитеатрда үлкен концерт ұйымдастырылады. Алматыда мерекелік концерттер бірнеше ашық алаңда өтеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Арбатта, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында және Орталық саябақта өнер көрсетеді. Шымкентте мерекелік кеш «Шым Сити» саябағында өтеді. Ал ұлттық мереке халықаралық деңгейде де аталып өтпек. Қытайдың Бейжің қаласында Қазақстанның Мәдениет орталығы Лянма өзенінің жағалауында шетелдік көрермендерге арналған Dombra Party мерекелік шарасын ұйымдастырады.
Өңірлерде бірнеше ірі өнер додасы жарыса өтеді. Түркістан облысында «Күй құдіреті», Қызылордада «Сыр толқыны» ІІІ республикалық күйшілер байқауы, Солтүстік Қазақстанда «Quzyljar Music Fest» V халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. Сондай-ақ Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсемқоңыр» домбырашылар конкурсы өтпек.
Сонымен қатар, 4 шілде күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен #dombrakuni республикалық челленджі басталды. Желі қолданушылары домбыра үні мен ұлттық өнерге арналған 1 минуттық видеоларын осы хэштегпен жариялай алады.


04 шілде 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031