Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген", - деді президент.
Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем, деп жалғастырды ол.
[video=]
"Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра". Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз", - деді Тоқаев.
Президент жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты. Мемлекет басшысы қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпазға ризашылығын білдірді.
Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.


05 шілде 2020 ж. 1 253 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930