Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ беделін биік еткендер

БАҚ беделін биік еткендер

Журналистің әр дүниесі сүзгіден жақсылап өтеді. Оң ба? Бағыты дұрыс па, бұрыс па? Әр жазылған сөз, әрбір терілген әріп ойланып басылатын қадам. Халық алдында жүрген тілшінің барлығы да сынның тезінде, обьективтің көзінде тұрғандар. Жазған, айтқан әрбір сөз қалтарыссыз, бүкпесіз, бұрмалаусыз жарияланады. Газеттің беделін көтеретін де ең үлкен фактор осы.
Газет – халық пен билік арасындағы дәнекер. Шыққаны бір күндік, алайда айтары жүз жылдық, тәлімі мың жылдық. Қоғам дертін тамыршыдай дөп басқан қазақ басылымдары әлі күнге дейін өз миссиясынан тайған емес. «Журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бәрінен бірдей алғыс ала бермесек тың дүние жазуға, халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір болуға еңбектеніп келеміз. Өйткені баспасөздің тезіне түскен, көптің сынынан өткен, халық мәселесімен біте қайнасқан тілші түбі ұтылмайды. Баспасөз халықтың үні болса, біз – халықтың қызметшісіміз. Ақпарат айдынында қойын дәптері мен фотоаппаратын арқалап, тілшілік тіршіліктің қазанында қайнаған журналистер қауымы кеше құрметке бөленді.
«Өнер орталығында» 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам – 2026» салтанатты шарасы өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі бастамалар мен жаңашылдықтарды халыққа шынайы жеткізудегі  еңбектерін жоғары бағалады.
– Бүгін – мерзімді басылымдар мен телеарналарда, ақпараттық агенттіктер мен сайттарда қызмет істейтін шығармашылық өкілдерінің, журналист жасаған сюжет пен жазған мақаланың жарыққа шығуына еңбек сіңіретін мамандардың мерейлі күні.Мереке қарсаңында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградалар табыстады.«Qyzylorda» телеарнасының ардагері Қарабала Жағыппар Аманжолұлы «Парасат» орденімен наградталды. Бұл – Сыр журналистикасына берілген жоғары баға.Мемлекет басшысы: «Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды» деп ерекше атап өтті.  Ұлттық журналистика тарихында Сыр өңірінің айрықша орны бар. Ғасырлық белесіне жақындаған басылымдар мен тәуелсіздік жылдарында шыққан газеттер – аймақтың сыр-шежіре сандығы. Облыстың тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени-рухани жаңғыруының айқын дереккөзі.Биыл аймағымыздың жетекші арнасы – «Qyzylorda» телеарнасы 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Телеарна өңіріміздегі оқиғалар мен ақпараттарды жылдам таратып, ел өміріндегі саяси маңызды жаңалықтардың жаршысы болып келеді.Отыз жылға жуық көрермен көзайымына айналған «Қоғам ТВ» телеарнасының да ақпараттық саясаттағы орны ерекше. Аймақ телевизиясының бүгінгі биігі – өткен мен бүгінді жалғаған ардагерлер еңбегінің жемісі. Ақпарат айдынында өз қолтаңбасын қалдырған майталман мамандардың табандылығы мен қажырлы еңбегі тележурналистика тарихында лайықты ізін қалдырды.Бүгінде тағылымды жолдан өтіп, ұстаздарының өнегесін жалғаған мамандар елімізге белгілі ірі медиахолдингтерде, телеарналарда еңбек етіп, Сыр журналистикасы мектебінің мерейін үстем етуде.Тәуелсіздік шежіресін, Сыр өңірінің жылнамасын, қалыптастырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін!, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Кеше Ақорда төрінде өткен рәсімде Мемлекет басшысы журналистерді қолдауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән берілетінін айтқан еді. Кейінгі үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болса, енді бұл бастаманың ауқымы кеңейді. Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін ақпарат саласының 66 қызметкеріне пәтер кілті берілді.Біздің аймақта «Сыр медиа» серіктестігі директорының орынбасары Әзиз Батырбековке және «Qyzylorda» телеарнасының телеоператоры Рамазан Жүсіпбекке пәтер кілті табысталды.Салтанатты рәсімде ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан қалам иелері «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағының «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының, Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен және түрлі номинациялармен марапатталды. Оның ішінде аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ернұр Мерек ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хатымен марапатталды. Ал әріптесіміз, аудандық «Қазалы» газетінің ақпарттық агенттік тілшісі Арайлым Жүсіповаға«Үздік оқырман таңдауы» номинациясымен 250 мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
Ал ауданда өңірдің ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қаламгерлер мен сала мамандары аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қабылдауында болды. Аудан басшысы шығармашылық иелерін мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Оның ішінде «Тұран-Қазалы» газетінің бас редакторы, еңбек ардагері Раушанбек Нағыметуллаұлы,журналистика саласының ардагері Ордабай Аяпбергенов, «Тұран-Қазалы» газетінің штаттан тыс тілшісі Гүлшахар Мұратбайқызы,«Қазалы» газетінің тілшісі Айнұр Әли, «Қазалы» газетінің баспасөз маманыБауыржан Жалғасұлы,«Серік ТВ» телеарнасының журналисіНазым Жылқыайдарқызыоблыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.«Қазалы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Есет Табынбаев пен  «Серік ТВ» телеарнасының директоры Сабырхан Есмахановқа Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды. Сонымен қатар «Қазалы» газетіндегі әріптестеріміз, бас маман Мейрамбек Кеулімжаев,техникалық қызметкер АлмагүлАхметова, ақпараттық агенттік тілшісі Мирамкүл Шамшаева, көлік жүргізушісі Рауан Ертайұлы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Тағы да басқа сала мамандары облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің, аудан әкімінің алғыс хаттарына ие болды.

Тарихқа үңілсек, Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда аталып келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым – «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. 2011 жылдың қазанында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. 2019 жылдың 24 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қоғамды дамытудағы ерекше рөлін атап өтіп, журналистердің кәсіби мерекесін ұйымдастыруды тапсырған еді. Солай Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкімет қаулысымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.Осылайша иыққа фотоаппарат асынып, қолына қойын дәптерін қысып алып, «отқа да, суға да» түсетін журналистер күні – 28 маусым тойланады. Төл мерекең құтты болсын, тілші қауым!
Айнұр ӘЛИ
27 маусым 2026 ж. 27 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 28

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 35

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930